Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Қазақша рефераттар және презентациялар

Сенбі, 18.05.2024
Главная » 2013 » Қараша » 23 » Ақан Сері Қорамсаұлы
09:34
Ақан Сері Қорамсаұлы

Арқаның ардагері атанған Ақан (Ақжігіт) - қазақтың ән өнері аспанында зор даусымен асқақатата жыр нөсерін ақтарып ондағы тамаша таланттың айқын көрінісі есепті сегіз қырлы, бір сырлы ардагер азамат. өзі өмір сүрген дәуір шындығын ән-музыка, өлең - жыр туындылары арқылы бейнелей білген, ұлы суреткер, компазитор. Ойлы, сырлы ғажайып шығармаларын өз даусымен орындап, қалың елге кең таратып, тыңдаушының құлақ құрышын қандырған топшысы болат дауылпаз. өмір сүрген ортасынан озат шығып, асыл өнерімен де, жеке бас әдет-мінездерімен де, жүріс - тұрыс, киім киіс, сән-салтанатымен де даралана көзге түскен қазықтың ең қадірлі серісі. Асып-таспай, жабырқап жасымай әр кез арын таза ұстай білген, жақсылық пен әділеттік жолына белін бекем буған, ақыл-парасаты биік саналы гуманист.

Ақын - кең байтақ жерін, қасиетті ел жұртын шын жүрегімен сүйіп, жастық шақтың жалына күйіп, танымсыз өмір кешкен, өршіл де ілгерішіл поэзияның шебері. Қоғам, адам өміріне өзіндік көз қарасы бар, таным-талғамы биік, көңілді, пасофты лирикалық қалдырған айтулы ақын.

Ақының туған жері - қазақтың кең жазиралы, ата мекен, ту тігіп, орда салған орталық орны, жасыл желек жамылған қалың нулы, көл-көсер өзен-сулы табиғаты бар, тамаша өлке, көк жасыл, қалың қарағай мен ақ балтыр аққайың бой таластыра өскен Көкшенің кербез сұлуы атанған қасиетті жер. Ақын - осы бір әсем табиғат құшағында еркелей өскен ел серісі. Болашақ пен Көкшетау өңірінде, Қос көлдің жайлаған қарапайым қазақтың отбасында туып өскен. Ол 1843 жылы күздің жомарт айы - қыркүйекте дүниеге келді.

Шілдеханаға жиылғандар оған Ақжігіт деп ат қойған-ды. Сол Ақжігіт ата нәсілінен рухтанып, кейін өзін қоршаған Сырым беттің сұлу сырлы табиғатынан нәр алды, өнерлі өлкенің өрен жүйектерімен тағдырлас, замандас болып, келе жатқан кішкене Ақанды молда жалдап, өз ауылында оқытуға талап қылуы тегін емес-ті. Талапты жасқа оқу, өнері қуу - өмір заңы. Жасынан алғырлығы, ұқыптылығымен көзге түскен Ақан ауыл молдасынан алған біліміне қанағаттанып қалмайды. Ол енді Қызылжарға аттанып, Уәли ахун қазіреттің медресесіне түседі. Аталмыш медресе мұсылман салтындағы оқу орны болатын. Онда дін сабақтары барынша мол жүруге тиісті. Сөйтсе де, медресе маңы, қала қауымы - қазақ даласынан өзге өмір. Сахараның тіршілігі, салт-санасы өзінше бөлек. Діндар қауымға қоса қалада зиялылыр тобы да ұшырасады. Осы медреседе өткізілген үш жылға жуық мерзімде Ақанның сусындаған кәусар бұлағы - Фердауси , Низами, Хафиз, Шамси, Сағди, Физули, Науаи т.б. еңбектері. Бұларға қосымша араб, парсы, шағатай тіліндегі көне түркі әдебиетінің жетік білуге тиіс сабақтары - араб, парсы халықтарының тілі, ертегі аңыздары жазба дүниелері:

Ғашықтық майданында шаһит болып,

Бозжігіт Аңуаз үшін қандай болған.

Бұлардың зар тартқаны Ләйлі - Мажнүн

Табысып ақырында отқа жанған.

Зияда - Қорлығайын, Фархат Шырын,

Бұл күнеде хабардармын осылардан.

Ақыры «Қозы Көрпеш - Баяндай» боп,

Жүзімнің қызыл нұры бұ жыл салған...

деп, Ақанның өзі де шәкірт кезінде оқып, таңығандарын жырға қосады. өз халқының тамаша туындылары мен шығыстық лиро-эпостар оның жастық сезімін оятқан, сұлулыққа, ғашықтыққа оны біржола бұрған рухани күш болған сияқты.

Ақан - жастай оқып тәлім талған өнерлі, білімді жас. Өз замандастарының көбінен озық, араб-парсы, шағатай әдебиеттерінен де, сол әдебиеттерді туғызған тілдермен де жете таныс, соған қоса, орыс тілін де білген мадениеті жоғары өнерпаз адам.

Ақан 1843 жылы Көкшетаудың күнбатыс жағындағы Қоскөл деген жерде туған. Ол он үш жасқа келгенше Күнту деген молдадан мұсылманша оқыған. Бірақ дүмше молданың балдыр - батпағы сергек ойлы ұғымтал баланың көңілін дауалатпайды. Ақыры Ақан оқуын тастап кетіп қалады. Осыдан былай оның серілік өнері басталады, сонымен бірге өлең және ән шығарумен шұғылданады.

Ақан серінің елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Атбасардың указной молдасы Көктөбеттің Смағұлын, Атығай-Қарауылдың болысы Сұрағанды, болыс Шоғармақты өлтіре сықақ етеді. Осы өлеңдері мен "Замана адамында” сері ел билеген әкімдерді "Кей жаман мал бітті деп әкім болар”,- деп әшкерелейді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. Мемлекет 2-думаға шағынады, әділдік, үміт күтеді. Өмірінің соңғы кезеңінде жазылған өлеңінің бірі — "Қаратай”. Ақан сері аулы қонысынан айрылып, орнына Комаровка ауылы орнағанда, ескі мекенге барып жүрген Қаратайды (Ақан серінің мінген аты) егінге түсті деген сылтаумен ұстап алып, сатып жіберіпті. Ат пен иесінің диалогы түрінде жазылған бұл өлеңде қуғыншы 4 орыстан қашып барғанда "бүбірнай” (выборнай) Көшербайдың рақым етпегені, судьяның әділ үкім шығармағаны айтылады. Соңында: "Орыс пенен қазақтың алдым несін?! Тәңір берген әркімнің несібесін. Ол түгіл жан салмаған Құлагердің, сөйлейді граммофонда әңгімесін”, — деп, "Құлагер” әнінің сол заманда пластинкаға түсірілгенін ескертеді. Өлер алдында шығарған "Мінажат” өлеңінде иман тілейді.

Ақан сері — өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, лирикалық тебіреністі сазымен, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. Әділіне көшсек, "Ақан сері” атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі — әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Жасынан халықтың ән-күйінен сусындап, өзіне дейінгі әншілік дәстүрді толық меңгерген Ақан сері бертін келе, жігіт шағында серілік құрып, өзі де ән шығарады. Көкшенің сұлу табиғатына көз тігіп, оны албырт сезімді, әсерлі музыка үніне бөлейді. Осы әншілік өнерде Ақан сері жалғыз болмайды. Айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралайды. Ақын, әнші серілердің бәрімен достасады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақан серінің ең жақын достары болған. Олардың бәрі Ақан серінің әншілік өнеріне игі әсер еткен, композиторлық талантын жетілдіріп, шеберлік, суреткерлік талғамын шыңдай түскен. Ол қазақтың ұлттық өнерін профессионалдық биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Сан қырлы дарындылық, поэзия мен музыканың тел қозыдай табысуы, өзіне ғана тән нақыш, жоғары деңгейдегі орындаушылық шеберлік — Ақан сері шығармашылығына тән басты-басты қасиеттер. Қазақ мәдениетінің алтын қорына Ақан серінің елуге жуық муз.-поэтик. мұрасы енген. Ақан сері шығармалары поэтик. тұнықтығымен, образдар әлемінің тереңдігімен, поэтик. және муз. тілінің шырайлылығымен, айрықша талғампаздығымен, нақыштық тазалығымен ерекшеленеді. Оның шығармашылық болмысының басты қасиеттері — өмір шындығын боямасыз жырлауы, психологиялық иірімдерге толы, эмоциялық бояуының қанықтығы.

Шығармаларының басым бөлігін қамтитын кеңінен танымал көңіл-күй және махаббат лирикаларында ғажайып табиғат суреттері мен нәзік мұң, өмір қиыншылықтары туралы трагедиялық пайымдаулар шынайы да шымыр қатар өріліп жатады. Оның стиліндегі жоғары жетістігі — кең тыныстылық, ән иірімдерінің нәзіктігі, әуен әсемдігі, интонация суреттерінің молдығы, сазының биік те асқақ, ырғақтары мен қайырымдарының ұзақтығы.

Шығармалары

 

Ақан серінің "Ақтоқты”, "Алтыбасар”, "Тер қатқан”, "Мақпал”, "Балқадиша”, "Сырымбет”, "Майда қоңыр”, т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған "Маңмаңгер”, "Қараторғай”, "Көкжендет”, "Құлагер” әндерінде Ақан серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұң мөймілдеп тұрғандай. Ақан сері басындағы трагедиялық күй кез келген жүректі толқытады. Әсіресе "Құлагердегі” экспрессивті интонация, толқыған мұңлы әуен, драмаға суарылған қайғылы оқиға шынайылығымен баурайды. Ән ақын өмірінің трагедиялық сәтін бейнелеумен қатар, сол қоғамдағы өнер адамдарының тағдырын қамти отырып, өзі өмір сүрген қоғамның әділетсіз бет-бейнесін ашады. Ақан серінің музыка туындылары қазақ өнерінің өркендеуіне зор ықпалын тигізді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Ә.Қашаубаев, Ж.Елебеков, М.Ержанов, Ж.Кәрменов т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларында кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров "Құлагер” поэмасын, Ғабит Мүсірепов "Ақан сері — Ақтоқты” драмасын, С.Мұхамеджанов осы аттас операсын, С.Жүнісов "Ақан сері” романын жазды.

Ақтоқты есімі Ақан шығармаларынан кең орын алды. «Ақ көйлек», «Аужар», «Алтыбасар», «Ғашық жарға», «Тағрипың», «Ж-ға» – Ақтоқтыға арналған махаббат толғаулары. Құлагердің мерт болуы (1880-жылдардың ортасы) да егде тартқан серінің өмірі мен шығармашылығында ұмытылмас оқиға болды. Өмір соққысын көрген ол жайлауға көшпей, баласы Ыбан екеуі қыстауда қалады. Дұшпандары оны әр саққа жүгіртіп өсек таратады. Ақан Серінің «Ақтоқты», «Алтыбасар», «Тер қатқан», «Мақпал», «Балқадиша», «Сырымбет», «Майда қоңыр»,т.б. әндері әйел жанының сұлулығын жарқырата көрсетуімен бірге, махаббат құдіретін асқақтата суреттеуімен де құнды. Кеңінен танымал бұл әндер әйелдер образының галереясын жасап, шынайы махаббат рухын ту етіп көтереді. Ақан Сері ақын-әнші ғана емес, саңлақ аңшы, атбегі де. Ақынның сүйікті досына, қимас өмірлік серігіне айналған сәйгүлігі мен қыран құстарына арналған «Маңмаңгер», «Қараторғай», «Көкжендет», «Құлагер» әндерінде Ақан Серіның ішкі жан дүниесіндегі бұрқаныс, қан жылаған жүрек, телегей теңіз мұңмөймілдеп тұрғандай. Бірақ Ақан өмірден де, өнерден де қол үзбейді. Осы тұстағы ән-өлеңдерінің елеулісі – «Балқадиша». 1890 жылдардағы шығармашылығында айтыс едәуір орын алды. Ақанның елдің жер-судан, қоныстан айырылуына наразылық білдірген азаматтық лирикалары мен сықақ өлеңдері де өткірлігімен ерекшеленеді. Қонысынан айрылған елдің мұң-мұқтажын ақын халық атынан айтады. 1913 ж. Ақан өзінің туған жерінде дүние салды.

Ақан сері – өмір шындығын үлкен суреткерлікпен жырлаған заманының асқақ ақыны ғана емес, мұңшыл да сыршыл, әншілік-орындаушылық өнерімен танылған өзгеше дарын иесі. Оның композиторлығы ақындығынан кем түспейді. «Ақан сері» атанып, кезінде жұртшылыққа кең танылуы, атақ, даңқының шар-тарапқа жетуі – әншілік-композиторлық өнерінің жемісі. Ол жас кезінде айналасына әнші-күйші жастарды жинап, өзгеше бір өнерлі топ болып ел аралады. Балуан шолақ, Жаяу Мұса, Естай, Иман Жүсіп, Құлтума сияқты атақты ақын-әншілер Ақанның ең жақын достары болған.

Музыка және әдебиеттегі үлесі

 

Ол қазақтың ұлттық өнерін кәсіби биікке көтеріп, дәстүрлі өнердің классикалық үлгісін жасады. Елуге жуық музыкалық мұрасы қазақ мәдениетінің алтын қорына енді. Оның шығармаларын белгілі әншілер Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Жәнібек Кәрменов, т.б. ел игілігіне айналдырды. Қазақстан композиторларының симфониялық және опералық шығармаларына кеңінен енгізіліп, Ақан әндері екінші өмірін бастады. Серінің өмірі мен тағдыры туралы Ілияс Жансүгіров «Құлагер» поэмасын, Ғабит Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» драмасын, Сыдық Мұхамеджанов осы аттас операсын, Сәкен Жүнісов «Ақан сері» романын жазды.Әуезов «Казак халкының эпосы мен фольклоры» атты зерттеу еңбегінде Ақан серінің ақындық өнерін жоғары бағалап, оның жел жетпес жүйрігіне арнаған «Құлагер», қыран бүркітіне арнаған «Көк жендет» әндерін жоқтау өлеңіне жатқызған.

Просмотров: 3352 | Добавил: Хан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 1
1 зарина  
0
как можно скачать

Имя *:
Email *:
Код *: