13:58 Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамыз | |
1.
Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, Қазақстан
Республикасының Президентi жарлықтарының және өзге де нормативтiк құқықтық
актiлердiң дәлме-дәл әрi бiркелкi қолданылуын, жедел-iздестiру қызметiнiң,
анықтау мен тергеудiң, әкiмшiлiк және орындаушылық iс жүргiзудiң заңдылығын
жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен
жою жөнiнде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына
қайшы келетiн заңдар мен басқа да құқықтық актiлерге наразылық бiлдiредi.
Прокуратура сотта мемлекет мүддесiн бiлдiредi, сондай-ақ заңмен белгiленген
жағдайда, тәртiпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады. 2. Республика Прокуратурасы төменгi прокурорларды жоғары тұрған
прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бiрыңғай
орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкiлеттiгiн басқа мемлекеттiк
органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсiз жүзеге асырады және Республика
Президентiне ғана есеп бередi. 3. Республиканың Бас Прокурорын өз өкiлеттiгi мерзiмi iшiнде тұтқынға
алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртiбiмен әкiмшiлiк жазалау шараларын
қолдануға, қылмыс үстiнде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттердi
қоспағанда, Сенаттың келiсiмiнсiз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Бас
Прокурор өкiлеттiгiнiң мерзiмi бес жыл. 4.
Республика прокуратурасының құзыретi, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртiбi заңмен
белгiленедi. ҚР Конституциялық Кеңесінің 26.12.00 ж. N 23/2 қаулысымен берілген
түсініктемені қараңыз
85-бап Жергiлiктi
мемлекеттiк басқаруды тиiстi аумақтағы iстiң жай-күйiне жауапты жергiлiктi
өкiлдi және атқарушы органдар жүзеге асырады.
1. Жергiлiктi өкiлдi органдар - мәслихаттар тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық,
бөлiнiстегi халықтың еркiн бiлдiредi және жалпымемлекеттiк мүдделердi ескере
отырып, оны iске асыруға қажеттi шараларды белгiлейдi, олардың жүзеге асырылуын
бақылайды. 2007.21.05.
№ 254-III ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
1. Жергiлiктi атқарушы органдар Қазақстан Республикасының атқарушы
органдарының бiрыңғай жүйесiне кiредi, тиiстi аумақтың мүддесi мен даму
қажеттiлiгiн ұштастыра отырып, атқарушы билiктiң жалпы мемлекеттiк саясатын
жүргiзудi қамтамасыз етедi. 6.
Жергiлiктi атқарушы органдардың құзыретi ұйымдастырылуы және олардың қызмет
тәртiбi заңмен белгiленедi.
1.
Мәслихаттар өз құзыретiндегi мәселелер бойынша шешiмдер, ал әкiмдер - тиiстi
әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстiң аумағында орындалуға мiндеттi шешiмдер мен
өкiмдер қабылдайды. 2. Мәслихаттардың жергiлiктi бюджет кiрiсiн қысқартуды немесе жергiлiктi
бюджет шығысын ұлғайтуды көздейтiн шешiмдерiнiң жобалары әкiмнiң оң қорытындысы
болған кезде ғана қарауға енгiзiлуi мүмкiн.
1.
Қазақстан Республикасында жергiлiктi маңызы бар мәселелердi тұрғын халықтың өзi
шешуiн қамтамасыз ететiн жергiлiктi өзiн-өзi басқару танылады. 2007.21.05. № 254-III
ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) IX БӨЛIМ
1. Республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының
Конституциясы референдум нәтижелерi ресми түрде жарияланған күннен бастап
күшiне енедi, сол мезгiлден бастап бұрынғы қабылданған Қазақстан Республикасы
Конституциясының күшi жойылады.
2007.21.05.
№ 254-III ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасының Конституциясына Республика Президентiнiң өз
бастамасымен, Парламенттiң немесе Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешiмi
бойынша өткiзiлетiн республикалық референдум өзгертулер мен толықтырулар
енгiзуi мүмкiн. Егер Президент оны Парламенттiң қарауына беру қажет деп
ұйғарса, Конституцияға енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар жобасы
республикалық референдумға шығарылмайды. Мұндай жағдайда Парламенттiң шешiмi
Конституцияда белгiленген тәртiппен қабылданады. Егер Республика Президентi
Конституцияға өзгерiстер мен толықтыруларды республикалық референдумға шығару
туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, онда Парламент Палаталарының
әрқайсысының депутаттары жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк
даусымен Парламент осы өзгерiстер мен толықтыруларды Конституцияға енгiзу
туралы заң қабылдауға хақылы. Мұндай жағдайда Республика Президентi осы заңға
қол қояды немесе оны республикалық референдумға шығарады, егер республикалық
референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы
дауыс беруге қатысса, ол өткiзiлдi деп есептеледi. Республикалық референдумға
шығарылған Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар, егер олар үшін
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен
екісінде дауыс беруге қатысқан азаматтардың жартысынан астамы жақтап дауыс
берсе, қабылданды деп есептеледі.
1.
Конституциялық заңдар Конституция күшiне енген күннен бастап бiр жыл iшiнде
қабылдануға тиiс. Егер Конституцияда конституциялық деп аталған заңдар немесе
заң күшi бар актiлер ол күшiне енген кезде қабылданып қойған болса, онда олар
Конституцияға сәйкес келтiрiледi де, Қазақстан Республикасының конституциялық
заңдары деп есептеледi.
Конституцияның
7-бабын жүзеге асыру мақсатында Үкiмет, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы
органдар арнаулы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының барлық азаматтары
мемлекеттiк тiлдi еркiн әрi тегiн меңгеруi үшiн қажеттi ұйымдастырушылық,
материалдық және техникалық жағдайдың бәрiн жасауға мiндеттi.
1. Конституция күшiне енген кезде қолданылып жүрген Қазақстан
Республикасының заңдарына сәйкес сайланған Қазақстан Республикасының Президентi
Конституция белгiлеген Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiлеттiктерiне ие
болады және оларды 1995 жылғы 29 сәуiрде республикалық референдумда қабылданған
шешiм бойынша белгiленген мерзiм iшiнде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы
Президентiнiң келiсiмiмен Республика Президентi өкiлеттiгiнiң қазiргi мерзiмi
Республика Парламентi Палаталарының бiрлескен отырысында Палаталардың
әрқайсысының депутаттары жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданған Республика
Парламентiнiң қаулысымен қысқартылуы мүмкiн. Мұндай жағдайда Парламент Мәжiлiсi
бiр ай iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң сайлауын тағайындайды. Осы
сайлаудың қорытындылары бойынша сайланған Республика Президентi сайлау
қорытындылары жарияланған күннен бастап бiр ай iшiнде ант бередi және жетi
жылдан кейiн желтоқсанның бiрiншi жексенбiсiнде өткiзiлуге тиiс кезектi
Президент сайлауында сайланған Республика Президентi қызметiне кiрiскенге дейiн
өз өкiлеттiгiн жүзеге асырады.
1.
Бiрiншi сайланған Сенат депутаттарының жартысы төрт жыл мерзiмге, депутаттардың
екiншi жартысы екi жыл мерзiмге конституциялық заңмен белгiленген тәртiппен
сайланады. 2. Қазақстан Республикасы Конституциясының Парламент Мәжiлiсi депутаттарын
партиялық тiзiмдер негiзiнде сайлау туралы ережелерi екiншi шақырылатын
Парламент Мәжiлiсi депутаттарын сайлаудан бастап қолданылады. ҚР
Конституциялық Кеңесінің 29.00.99 ж. N 24/2 қаулысымен берілген түсініктемені
қараңыз
Конституция күшiне енген күннен бастап Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетi онда белгiленген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құқықтарына,
мiндеттерi мен жауапкершiлiгiне ие болады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiнiң бiрiншi құрамы былайша
құрылады: Республика Президентi, Парламент Сенатының Төрағасы мен Парламент
Мәжiлiсiнiң Төрағасы Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден үш жыл
мерзiмге, ал Конституциялық Кеңестiң мүшелерiнен бiр бiрден алты жыл мерзiмге
тағайындайды, Конституциялық Кеңестiң Төрағасын Республика Президентi алты жыл
мерзiмге тағайындайды.
1. Конституцияда көзделген сот төрелiгi мен тергеу органдары тиiстi
заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмде құрылады. Олар құрылғанға дейiн жұмыс
iстеп тұрған сот төрелiгi мен тергеу органдары өз өкiлеттiктерiн
сақтайды.
| |
|
Всего комментариев: 0 | |