Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Қазақша рефераттар және презентациялар

Сенбі, 18.05.2024
Главная » 2013 » Желтоқсан » 29 » Фариза Оңғарсынова
19:19
Фариза Оңғарсынова
1939 жылдың 5 желтоқсанында Атырау облысы,Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дуниеге келген. 
     1961 жылы Гурьев мемлекеттік педагогикалық институтының тіл әдебиет факультетін бітіріп,Балықшы ауданының Еркінқала,Октябрьдің 40 жылдығы атындағы қазақ мектебінде ұстаздық еткен.
    1966-1968жж.Гурьев облыстық «Коммунистік еңбек» газетінің партия турмысы бөлімінде әдеби қызметкер болып істеген.
    1968-1970жж.республикалық «Лениншіл жас» газетінің Ақтөбе,Гурьев,Орал облыстары бойынша меншікті тілші қызметін атқарған.
 
    1970-1978жж.республикалық «Қазақстан пионері»журналының бас редакторы,1978 жылғы желтоқсаннан «Пионер» журналының бас редакторы 
болып істеген
     Алғашқы өлеңдері баспасөз беттерінде 1958 жылдан бастап шыққан.Әр жылдары 20-дан астам өлеңдер жинақтары,очерктері,таңдамалы шығармалары, «Біздің Кәмшат»повесі,аудармалары «Жазушы», «Жалын», «Молодая гвардия» баспаларынан жарық көрді.
    Орыс, туысқан республикалар ақындарының,Чили ақыны П.Неруданың жырларын,кейбір драмалық шығармаларды қазақ тіліне аударған.
1984 жылы «Үйім- менің отаным», «Маңғыстау монологтары», «Революция және мен»өлеңдері топтамалары үшін Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
    Ленин комсомолы Орталық Комитетінің,Қазақ КСР Жоғары Кенесінің Құрмет Грамоталарымен, «Қүрмет Белгісі», «Парасат» ордендерімен марапатталған.Рестублика мәдени-ағарту ісіне еңбегі сіңген қызметкер.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болған.Халық жазушысы.


Ф.Оңғарсынова
 

Мүлт жібермейтін жанар жоқ,
 
қателеспейтін адам жоқ,
алай да түйлей тірлікте
жаңсақ баспауға шамаң жоқ.
Көл-көсір болма күндікке,
ерлердің көркі бірлікте,
жарасымы жарты жалғанда
жүйріктер аз да, шабан көп,
сұңғыла сирек, надан көп.
Сәулең болса санаңда
жаңсақ басқан жaндарға
шалқаңнан түсіп шамданба.
Еліне тұлға - жақсы адам
кешірімді келер басқадан
жағада жалғыз қалғанда.
Адамзат тылсым жолсызда,
шытырман тірлік онсыз да.
Кеңдік жоқ мынау әлемде,
қусырылып барады от жалған.
Көңілінде кеңдік жоқтардан
мейірім күтпе, нұр күтпе,
сыздатпай жанн ел мұңы.
қайырымы мен ерлігі
қара басынан аспаған.
Өркендер елдің баласы -
біріне-бірі жанашыр.
Кешіріп, қолдап бір-бірін,
қызғанбас болар күн нұрын.
Ел деген бұлғын ішіктің
бірі - жең, бірі - жағасы.
Өшетін елдің ұлдары
өз-өздерімен жауласар.
Келіспей жоқтан өзгеге
жағаларына жармасар.
Базарға айналар құндағы,
ыза-кек таудың тасқыны
ақыл-еменді құлатқан.
Ашу-сел жайсаң -жақсыны
жырақтатар елдік мұраттан.
Ез болса ері, ел құнсыз,
алаусыз болса, ер құнсыз.
Алшаңдап жүрген ерлерге
жайратып жауын тастарға
Күш қалмас, бірлік қашқанда,
жайлауын былған жат қарға
Просмотров: 1602 | Добавил: Хан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: