Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Қазақша рефераттар және презентациялар

Сенбі, 18.05.2024
Главная » 2013 » Сәуір » 7 » Маңғыстау тоғыз жолдың торабы
15:45
Маңғыстау тоғыз жолдың торабы

 

 

Маңғыстау жеріндегі орта ғасырдағы әлемге әйгілі болған көптеген қалаларының болғандығын деректерде, мәліметтерде көптеп кездеседі. Туған өлке мәдениетінің   «Құпия» сырларын анықтау, зерттеу, дәлелдеу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. Кіріспе

 

ІІ. Негізгі бөлім

1.    Орта ғасырлардағы қалалар туралы деректер

2.    Маңғыстау қалаларының ерекшеліктері

 

ІІІ. Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

             «  Өз тарихын сыйламаған халық, өзін де сыйламайды »    

                                                                                                                  Н.Назарбаев

 

Кіріспе

Маңғыстау қалалары туралы  ерте кездегі тарихшылардың еңбектерінде көптеп кездеседі.Көптеген деректердің уақыт өте келе қолжазбалардың сарғайған беттерінде көбінің аттарының сақталмағаны белгілі.Маңғыстау  каспий теңізінің жағасында орналасқан аймақ болғандықтан бұл жердің өзіндік тарихы мол,қалалық мәдениеті,өмір тіршілігі болғандығына ешкімде күмән келтіре алмайды.Орта ғасырлық тарихшы  Қалалық өмір тек отырықшылардың өмір тіршілігімен ғана байланысты емес мал шаруашылығымен айналысатын көшпенділердің  де қалалық мәдениетті жасай алатындығын айтқан.Ата-бабамыздың тарихы мен мәдениеті бізге,олардың ұрпақтарына өте қызық әрі құнды дүние.Ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фараби«Тарихты білмей--   өткенді,қазіргі жағдайды білу,келешекті болжау қиын»—деген .Қазір әлемнің көптеген елдерінде  археологиялық экспедициялар жұмыс жасауда.Соның нәтижесінде Ежелгі Рим,Грекия,Мысыр,Үнді,Қытай  мәдениеті зерттеліп антикалық мәдениетті білмейтін адам жоқ деуге болады.Қазақстандағы археология ғылымы жас болсада  қөптеген жұмыстар атқарды.Қазақстанның ежелгі қалалары Отырар,Талғар,Испиджап,Түркістан,Құлан,Жамукат,Тараз,Сауран сияқты қалаларына қазба жұмыстарын жүргізуге есімі әлемге әйгілі көптеген архелогтар қатынасқан.Біздің өлке тарихынада археологиялық қазба жұмыстары әлемдік деңгейдегі архелогтармен бірлескен жұмыстар атқарылатын болса белгісіз болып келген тарихымыз анықталар еді.Қазақстан тарихын оқып үйрену туралы Қазақстан республикасының президенті Н,Ә Назарбаев Бұл—Тәуелсіз Қазақстанның азаматы ғасырлар тоғысында өзінің арғы—бергі тарихи жолын ой елегізінен өткізіп, «Кеше кім едік?»,«Бүгін кімбіз?», «Ертең кім боламыз?» деген төңіректе ойлансын деген сөз.Бұл әрбір азамат туған елінің,туған халқының тарихы ешкімнен де олқы еместігін түсінсін деген сөз.Бұл—әрбір азамат тарих қойнауына ойша тереңдеу арқылы өзінің ата—бабалары қалдырған осындай кең байтақ жердің лайықты мұрагері болуға ұмтылсын деген сөз.Біз өз тарихымызды сүйеміз,қадірлейміз,мақтан етеміз.Өлкеміздің тың тарихын зерттеп анықтау арқылы ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырып  отанға, елге, туған жерге сүйіспеншілікті қалыптастыра аламыз.

 

 

Орта ғасырлардағы қалалар туралы деректер

Маңғыстау менҮстірт ежелгі дүниенің экономикалық қан айналысынан тысқары қала алмады.Мағыстау қалалары ежелгі Византия,Таврида,Кавказ бенХазария,Еділ булғариясы мен орыс мемлекетімен,қытаймен,Таяу шығыс елдерімен үзбей байланыс жасағаны тарихтан белгілі.Шығыс тарихшысы әл-Истахридің 930-933 жылдар шамасында жазылған«китаб месалик әл-мемалик»атты кітабында мұсылман елдері мен Хазарлар елі арасындағы сауда жолы өтетін Каспий теңізі маңындағы бірден- бір үлкен елді мекен Стях-Кук (парсыша – "Қаратау”, парсы географиялық, тарихи әдебиеттерінің бәрінде Маңғыстау түбегі осылай аталады) түбегі екендігі айтылады. Түбекте бұлақтар, ағаш, ну шалғын өскен оазистер бары және сол араға жуырда түрік тайпаларының бірі кеп қоныс тепкені, олардың желге ығып кетіп, апатқа ұшыраған сауда кемелерін тонап кәсіп ететіні де айтылады. Ал, одан екі ғасыр кейін өмір сүрген тарихшы Мұхаммед ибн Наджиб Бекран Хорезмшах Текешке арналған "Джехан- намә” кітабында Маңғыстауды жайлайтын түріктердің өз ханы бар екенін жазады.XIII ғасырдың басында қайтыс болған парсы тарихшысы Якут: "Маңғышлақ – Хорезмнің ең батыс шекарасындағы, Орыс мемлекеті, Саксин және Хорезммен шектес арадағы мықты бекініс қамал”, - деп мәлімдейді.Академик В.В.Бартольд кейін осы деректерге сүйене отырып, Маңғыстау маңызды сауда пунктіне XII ғасырдан бастап айналған деген қорытынды жасайды. Ал, белгілі Шығыс зерттеушісі, археолог П.С.Савельев Маңғыстаудың бір кезде Хорезм мен Итиль арасындағы маңызды қатынас нүктесі болғанын, Маңқыстауда сол дәуірдің ескерткіштері тас қамалдар мен сарайлардың ұзақ уақытқа дейін сақталып келкендігін айғақтайды. Шығыс тарихшысы Масуди "Китаб эт - Тенбиг” деген еңбегінде әр алуан бұйымдар тиелген үлкен- үлкен Хорезм кемелерінің Еділді бойлап, Итильге дейін жүзіп баратынын мәлімдейді. Олай болса, Маңғыстаудың маңызды сауда жолына айналуы XII ғасырдан бұрынырақ болғанын дәлелдейді.Осы дәлелдер  маңғыстау жерінде сауда  дамып ,портты қала болды деп айтуға әбден болады.Киелі Маңғыстау өңірінде тарихи ескерткіштердің саны есепсіз. Көптеген ескерткіштер күні бүгінге дейін дүрыстап зерттелмеген, ал біздерге белгісіздері қанша... Кеңес Одағы кезінде "Маңғыстау өңірінде тек бейіт-корғандар орна                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                             ласқан, ал қалалар бұл жерде болмаған" деген пікірлер колданылып келген. Бүндай пікірлерге жауаптарды біз орта ғасырларға тиісті тарихи деректерден іздейміз.Х-ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген араб географы Әл-Истахридің "Қитаб месалик ал-мамалик" еңбегінде Каспий теңізінің шығыс жағалауында Мангышлак түбегі деп аталатын және Сиякух (Қара тау) қамалы-ның орналасқаны туралы деректерді оқимыз.

Бұл тарихи деректер денбізге Маңғыстау жерінде қамал-қаланың болғаны, ол жер детүркі тайпасының өмір сүргені белгілі болады.Сондай-ақғалым Әбу Райхан Әл-Бирунидіңең бегінде де Банштшла катымен белгілі қамалдың орналасқан жері берілген.(Бируни "Избранное произведении" 5 том.Т-1973.).Осындай деректі XII ғасырға тиісті және бір араб географы Ибн-Якуттың "Китаб муазжал ал-булдан" еңбегінде кездіреміз... Еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін тарихи ескерткіштерді,  соның ішінде археологиялық ескерткіштерді зерттеу жүмыстары мемлекетгік деңгейде қолданылды. Маңғыстауда соңғы екі жылдың ішінде Қосқұдық, Меретсай, Түбіжік ескерткіштерінде археологиялық қазбажүмыстары жүргізілді. Бұл жұмыстардың қорытындысы — Маңғыстау өңірінде өмір сүрген халықтардың, соның ішінде қазақ халқының тарихы тереңдежатқанын дәлелдейді. Бір таңғаларлық нәрсе — архитектуралық әдіс. Екі жарым мың жыл бұрын құрылған ескерткіштердең тас өндеу, қалау әдістерінің қазіргі уақытта жүргізіліп  жатқан кұрылыстардан айырмашылығы жоқ тыңқасы.Ерте замандардан XX ғасырдың басына дейін Маңғыстаудан Ұлы Жібек  жолының бір тармағы өткені көпшілікке белгілі. Бұл тармақ Үстірт жазығы арқылы Орталық Азия мемлекеттерін Еуропа мен байланыстырған. Керуен жолдары бойында көпестерге қызмет көрсететін, аралығы 25-30 шақырым қашықтықта болған керуен-сарайлар құрылған.Бұл сауда жолдары оңтүстікте Үргеніш қаласынан басталып, Ақ-жайла, Талайхан-ата, Пулжай,   Дәукескен керуен-сарайлары арқылы жүріп, Үстіртке көтеріліп, екі тармаққа бөлінген. Бірінші тармағы — Үшқүдық, Әжікелді, Қосбұлақ, Белеулі, Шүрық, Құсшы,Жезді,Белдеулі,Мыңсуалмас(Қосқұдық),Үшқанкеруен-сарайлары үстінен жүріп,Хан ордалы Сарайшық қаласынан— Жайық бойына,Еуропаға қарай жолалған. Ал бұл жолдың екінші тармағы Қасқажолдан көтеріліп, оңтүстік-батыс Үстірт жазығымен Барсакелмес соры арқылы Алан қаладан  Қызылқала, Шерқала, Әмір, Қаңға-баба, Қараған, Кетік қала арқылы Каспий теңізіне шығып, ол арқылы Астрахань (Хаджи-Тархан), Дербент, Баку қалаларына жеткен. Біздің назарымыз Маңғыстауда археологиялық жағынан жақсы сақталған Қызылкалаға терең ауыпотыр. Бул қаланың ескі аты тарихи деректерде сақталмаған.Деректердегі көрсетілген Бангышлак,мангышлак деп кездесетін бекіністі қала,Қызыл қала аталуы қызыл кірпіштер көптеп кездесетініне байланысты осылай аталып кеткен болуы мүмкін. Бүл ескерткіште XXғ.70-80жж КСРО Ғылым Академиясының Л.Л.Галкин басшылығындағы Поволжье археологиялық экспедициясы атүсті қазба жүмыстарын жүргізді.Бүл жүмыстардың есеп-қорытындылары қазіргі уақытта Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану мүражайында сақтаулы. Қалашық 25 га жерді алыпжатыр.Қызылқала қамалы жоспарда төрт бүрышты квадрат ретінде қүрылған(120x115метр).Қамалдың бүрыштары дүниенің төрт тарапына бағытталып салынған. Қабырғаларының биіктігі — 3 метрге дейін сақталған. Қабырғалар жақсы лапөнделген тастар данқаланған,солтүстік-шығыска бырғасында кіретін есіктері болған,ішкі бөлігінде бүгінгі қүрылыстың тек қалдықтары ғана сақталған. Барлық жер декір піштердің, керамикалардың, шынылардың,металл пластиналарының қалдықтары кездеседі, қамалдың оңтүстік бүрышынан 15-20 метр аралықта 5-6 метр биіктікте, жоспарда дөңгелетіп салынған қүрылыс қалдығы кездеседі. Бүл құрылыс та жақсы өнделген тастардан салынған жөне бұл ескерткіш карауыл мүнарасы болуы мүмкін. Қамалдың осы оңтүстік бүрышынан 10 метрдей аралықта 1981 жылы Л.Л.Галкиннің тобы қазба жүмыстарын жүргізген. Ол кісінің болжамы бойынша, бұл құрылыс үй-усадьба. Ол жоспарда төрт бұрышты болып келген, ішіндегі бөлмелер саны төртеу және олар крест тәрізді қылып салынған. Сондай-ақ бұл экспедиция қамалдың оңтүстік-шығыс бағытында кірпіш немесе қыш ыдыстарын күйдіретін үш пешті анықтап зерттеген. Жоғарыда айтып өткеніміздей, қамалдың сыртқы бөлігінде де көптеген қалдықтар шашылып жатыр.Енді осы ескерткішорналасқанжердің табиғатына назараударсақ — булжердеауыз су бұлақтары бар Самал, Саура сайлары, сұлутаулар: Айрақты, АкмыштауатыаңызғаайналғанШерқалаорналасқан. Сондай-ақ, табиғат тың тылсым сырларының бірі — шар конкрециялары шашылып жатыр. Тамаша табиғат, өмір сүруге қолайлы мүндай жерлерде адамзат баласы ертеден қоныстанған болуыкүмәнсіз.

Қазіргі уақытта қолымыздағы деректердің жылнамасы ІХХ ғасырлар шамасына келеді. Қаланың құрылысы Хорезм тарихының ерте орта ғасырлық афригидтік«пахсалық» қалау әдісімен қаланған.Қаланың көлемі 50-га шама сындай болған,жалпы қала квадрат формасында болғанға ұқсайды.Қаланың архитектуралық құрылысына келетін болсақ орта ғасырдағы орта Азиялық ірі мемлекеттердің архитектурасынан кем болмаған. Қалада керуен сарайлары ,олардың демалатын жерлері , жуынатын жерлері яғни моншалар болғандығын дәлелдейді.Бұдан қалаға саудагерлердің көптеп келуінен сауданың орталығы болғандығын дәлелдейді.Археология не дейді... немесе Маңғыстау мен Үстірттің орта ғасырлардағы қалаларыКез келген тарихи, сәулет не археологиялық ескерткіштің, нысанның белгілі бір жерден табылуы ең алдымен сол жерде, сол нысандардың салыну, пайда болу заманындағы тіршілік қуаты мен қауқарының қандай сапада, деңгейде болғандығын көрсетеді. Нысанның салынуы әлдебір мөлшердегі еңбек ресурстарын, қаржы, материалдық байлық ресурстарын қажет етеді. Осындай ресурстармен қамтамасыз етілуі үшін сол территорияда адам күші жеткілікті болуымен қатар экономикалық жағдай да қолайлы болуы керек.  Қайнаған тірліктегі мәдени-рухани ықпал ету нысандары — әулиелік орындардың да пайда болуы негізінен осы уақытқа тұспа-тұс келеді. Көріп отырғанымыздай, бір тарихи мәселені шешу үшін қосалқы материалдарды, мәліметтерді де пайдалануға болады. Сондықтан бір уақыт кеспегі — 14 ғасыр және де бір реалды территория — Маңғыстау мен Үстірт, яғни 14 ғасырдағы Маңғыстау мен Үстірттің тарихын барынша жақсы түсінгіміз келіп, оған қажетті жазба тарихи құжаттарды таба алмасақ, қосалқы эмпирикалық деректер — жер-су  атаулары мен оларға байланысты аңыздар, әулиелер, археологиялық және архитектуралық ескерткіштер, климат т.б. қосымша материалдарды кеңінен пайдаланамыз. Нәтижесінде біз өлкенің бір ғасырлық тарихының нақты детальдерін біле алмағанның өзінде жалпы даму сұлбасын көре алатын боламыз. Сондықтан кейбір жеке мәселелерді де қарастыра кеткенді жөн...Сонымен, Маңғыстау мен Үстіртте 14 ғасырда қала, жалпылап айтсақ, тұрақты елді мекендердің болуы мүмкін бе? Археологиялық нысандардың табылу географиясы мен Олардың пайда болу уақыты жөніндегі топшылар не дейді?14 ғасырдың  бірінші жартысында Алтын Орда территориясында тұрақты халықаралық сауда тасымал коммуникациялары пайда болып, зор қарқынмен дамыды. Сондай коммуникациялардың бірі  — Харазымнан  Еділ бойына бағытталған керуен жолы еді. Оның Үргеніштен Сарайшыққа дейінгі кеспегінің біраз бөлігі Үстірт арқылы өтетін. Сәулетші М.Меңдіқұлов Сарайшық пен Үргеніш арасындағы керуен жолының Сарайшық –Тасқұдық-Таскешу көпірі-Қайнар бұлағы-Бақашы әулие-Үшқаната-Маңсуалмас  Қосқұдық-Көптам-Сам-Чурук-Белеулі-Қосбұлақ–Бұлақ-Үшқүдық-Дәукескен-Пулжай  Үргеніш маршруты арқылы өткендігін көрсетеді. Мұндағы Маңсуалмас  Қосқүдық пен Бұл керуен жол маршрутының барынша гүлденген уақыты ретіңде Алтын Орданы Өзбек хан билеген тұс алынады, бұл 1312-1342 жылдар. Ал осы жолдың маңызының жойылуы 1390 жылдардағы Ақсақ Темірдің Алтын Ордаға жорықтарына тұспа-тұс келеді, яғни керуен жолдың дамыған уақыты ретіңде 1300-1390 жылдар аралығын алуға болады, бұл   уақыт  біздің зерттеу тақырыбымыз үшін маңызды кезен болып табылады  Бұл уақыт тек Өзбек ханның ғана заманы емес, оның ұрпақтары Жәнібек пен Бердібектің Алтын Орданы билеген заманы, 1342-1370 жылдар, яғни аңыздық Әмет (Абат) пен Алау батырлардың "кырға шығып кететін" заманы.Маңғыстау облыстық өлкетану мұражайының қызметкері В.Сумская Үстірттегі Қосқұдық, Маңсуалмас, Көптам, Сам керуен сарайларын 1950 жылдардағы С.П. Толстов бастаған, 1991 жылы JI.JI. Галкин бастаған археологтар экспедициясының зерттегенін көрсете келе  Ілияс Есенберлиннің тарихи романында Өзбек хан тұсында Харазымды басқарғанТұғлақ-Темір деген әкімнің есімі аталады, оның нақты қай жылдарда өмір сүргені, аймақ басқарғаны дәл анық болмаса да қырым циклінің "Асан Қайғы, Абат, Тоған" жырындағы Абат пен Тоғанның соғьісатын Тулақ есімді қалмақ ханының прототипі осы Тұғлак-Темір екендігін шамалауға толық мүмкіндік бар. Харазымнан Хасарлытеңіз жағалауына дейін басқа тағы бір керуен жол тармағының болғандығын жазады. Бейнеу ауданындағы амалдар мен керуен сарайларының қирандылары Өліқолтық шығанағына таяу жердегі Борқұдық алқабында, Қаракөл теміржол айырымы қасында, Қызылқұз шымыраулары төңірегінде табылғандығын көрсетеді. Осы автор аталған керуен сарайлардың өмір сүру заманын 912 ғасырлармен, яғни оғыздар мен хорезмшахтар уақытымен көрсеткенімен, осы керуен сарайлардың  14 ғасырда, Алтын Орда заманында өмір сүргендігінің қисындырақ екендігін айтқымыз келеді.Бейнеу ауданы аумағындағы аттары аталған керуен сарайлары мен жол тармақтары біздің есенқазақтық тақырыпқа қатысты ареалға кіреді.Керуен жолдары мен сарайлары  — белгілі бір кезеңдегі 'экономикалық дамудың көрсеткіші болып табылады. Транзиттік сауда жолының бойында жату керуен сарайларды салуға, оған кызмет етуге, оларды қорғауға белгілі бір мөлшерде адами ресурстардың осы жолдар бойына шоғырлануын қажет етеді, нарық заңы қай уақытта да осыны талап етеді. Сарайды күзету, саудагерлерге қызмет көрсетуден басқа сауда жолдары сол жолдың есебінен күн көретін, не оны қорғайтын, не тонайтын рулық, кұрақшылық топтарды да өзі тартып тұратын Магнитке айналады. Осының бәрі жолға жақын кеңістікте адамдардың шоғырлануына әкеп соғады, осындай саны аз болса да  шоғырланудан Үстірт пен Маңғыстау аймағы де шет қала алмаған деп жорамалдауға болады.Маңғыстау-Үстірт аймағындағы керуен мен көш жолдарының маршруттары жөнінде Әбіш Кекілбаевтың «Ұйқыдағы арудың оянуы» (Алматы: Қазақстан, 1979) кітапбында көрсетілген. Мұндағы маршруттар негізінен 19 ғасырдағы жолдар болғанымен, осы керуен жолдарының 1200 жыл бойына көп өзгере қоймағанын, Яғни хорезмшахтар заманындағы саудагердің жүріп өткен жолын, түнеген құдықтарын 14 ғасырдың саудагері де, 19 ғасырдың қалашысы да басып өткенін шамалауға болады. Осы жолдың бойына бүгінде әлі де белгісіз болып қалып отырған керуен сарайлар мен сауда факторияларының болғандығы анық.Бүгінгі күнде Маңғыстаудың, әсіресе Үстірттің тайпақ жазық бетінде бір кездері қайнаған тіршілік ортасы болғандығына, бүгінде адам тұрмастай сусыз, жасылсыз сұрқай жерлерде қала типтес мекендер болғанына көпшілік сене де қоймас. Дегенмен Маңғыстау мен Үстіртте мұндай мекендердің көп болғандығы соңғы уақыттары жиі айтылып жүр.Сол қалалар қандай болған? Ең болмаса сол уақыт тіршілігін, адамдарын көз алдымызға елестете аламыз ба? Қалай болғанда да ортағасырлық Маңғыстау-Үстірт қалаларының сол заманда болып өткен көп оқиғалардың куәгері мен  қатысушылары болғандығы, тарихты бойына сіңірушілер болғаны анық қой.Үстірттің солтүстік-батыс өңірінде, ескі көш жолының бойында, 6-шы теміржол айырымынан (разъезінен) 7 км жерде «Уәлі» деп аталатын алқап бар. «Уәлі — қыпшақ ханы екен, жалпы Уәлі—Шаңқалада бір кезде қала болған көрінеді» дегенді жергілікті  Маңғыстаулық қазақтар бүгінде орыс тілді әдебиетте «Хорезм» деп айтылып жүрген аймақты «Бесқала» немесе «Харазым» деп  атаған, сондықтан біз де ендігі жерде осыаймақты»Харазым» деп атайтын боламыз. ( С.Қ.)Біз Каспий теңізін «Хасарлы теңізі» деп атадық,өйткені 9 ғасырдан бастап пешенектер, олардан кейігі оғыздар аталмыш теңізді «Хазар дениз» деп атаған, сол үрдісті түрікпен және әзірбайжан, қазандық татар фольклоры осы күйге дейін жалғастырып келеді. Хазарлар  - қазақ халкының этногенезіне титтей де болса өз үлесін қосқан халық және қазак та өзін оғыз-пешенек жұртының ізбасары санайды, сондықтан осы теңіз атауының да бүгінгі қазақ тілінде хазарларға байланысты аталғанын қолайлы көреміз, тек оны «Хазар» деп емес, «Хасарлы» деп атайтын боламыз – С.Қ.Сумская В. Царские дороги древних / / «Местное время»газеті. 1 қыркүйек, 1993.13баспасөзден кездестірдік те. Артынан «Маңғыстау энциклопедиясында» да берілген қысқа мәліметте осы Уәлінің қыпшақтың Уәлі деген ханының есімімен байланыстырылғанын оқыдық, «ол бүгінде көп жері үйікке айналған қамал болған көрінеді, оның қабырғалары күйдірілген қызыл кірпіштен, ақ тастан қаланыпты. 1980 жылдардың аяқ кезінде жүргізілген қазба жұмыстары Уәлінің ежелгі мәдениеті жоғары дәрежеде дамыған елді мекен болғанын көрсетеді. Қамал орны бұрын бір төбешік делініп келсе, енді үш жердегі төбе болып шықты» деген дерекпен таныстық. Бары осы. Қандай үш қамал, долбарлап болса да сол қамалдардың орналасу карта схемасы мен жеке пландары берілмеген. Ең болмаса сол қамалдардың жұрнағын соңғы отыз жылда фотосуретке түсірген бірде-бір адам да табылмапты-ау.Осы Уәлі қамалы туралы сол жерлермен жақсы таныс болған, өзіміз білетін кісілерден осы жер туралы сұрастыра бастағанымызда белгілі болғаны (айтушы  — маңғыстаулық Мұстахи Бабышев деген кісі, 1930 жылы туған) Уәлі — Тоқтамыс ханның баласы, осы маңда оның қаласы болған деген мәлімет болды. Белгісіз Уәліге әке ретінде Темір де, Едіге де, түрікпен де емес, нақ осы Тоқтамыстың таңдалуы кездейсоқ емес. Өйткені ол —Маңғыстаудың 1360-70 жылдар шамасындағы аймақ басысы Түйеқожаоғланның баласы. Тарихи деректер Түйеқожаоғланның 1370 жылдар шамасында Орыс ханның қолынан өлгендігін жазады, әкесі өлтірілгеннен кейін Ақсақ Темірге қашып барып, пана тапқан Тоқтамысты 1350-55 жылдарда нақ осы Маңғыстау мен Үстірттің бір жерінде дүниеге келген болар деп жорамалдау бар. Сондықтан Үстірттегі Уәліні Тоқтамыстың баласы деудің анық қанығы белгісіз болғанымен, тарихи тұрғыдан қарағанда негізсіз емес екендігі көрініп түр. Үстірттің «ит байласа тұрмас» деуге тұрарлық жапан түзінде «Шаңқала» (Шағылқала), Маңғыстаудың ойында «Алан қала» деген топонимдердегі «қала» сөзінің болуы кездейсоқтық емес, тек осы түсіндіруге мүмкіндік беретіндей әлі күнге нақты ізденістер жүргізіліп көрген жоқ.Жалпы Маңғыстау мен Үстірттегі ортағасырлық мекендер туралы толыққанды ізденістер жүргізілмегенімен, әр тұстан табылған қамал орындары туралы әртүрлі деректерде айтылып жүр. Мәселен, ақтаулық мұражайдың қызметкері А. Астафьев түбектің теңіздік жағалауының өзінен ғана 15 бекініс орнының табылып отырғандығын жазады. Солардың бірі  — Түлкілі құдығының маңында 5 км жердегі Қарлыбас қамалы, Ақтау  — Форт-Шевченко жолының 64-ші км-лік тұсы. Форт-Шевченкодан Сағындық мүйісі аралығындағы Саура көлінің оңт.шығысында 8 км жердегі бірнеше қамал бар, олар  —Түлкілі қамалы және Сағындық мүйісіндегі 2 қамал, Өрдек мүйісі мен Қызылөзен ауылы аралығындағы қамалдар қанша... (Пути торговых сообщений эпохи средневековья на территории Арало-Каспийского водораздела.)Қараған түбекте Шұқырауыл ауылының маңынан да қамал орны табылып отыр.Есбол Өмірбаев Шорым тауында орналасқан бір қамал орнын тапса, басқа өлке тарихын зерттеушілер Ракушечный мүйісі маңынан, Кендірлі шығанағы жағалауынан керуен сарай іздерінің табылғандығын хабарлайды.Ал А.JI.Галкин болса Маңғыстау-Үстірт және оған жапсарлас Жайық пен Жылой аумағынан ортағасырлық 19 қамал орнының табылғандығын атап көрсеткен, олар:Кетік Форт-Шевченко қаласының аумағында. JI.Галкин итальян картасындағы Месмеселак атауын осы қаланікі деп жорамалдайды. Қарағанқала - Қараған түбегінің солтүстік жақ бетіндегі теңіз жағалауында.Сарытас  -Сарытас шығанағы жағалауында, Таушық ауылынан солтүстікте 25 км жерде.Қаңғабаба-Қараған түбектің орта тұсында. Емір-Ақтау-Шетпе теміржолынан 30 км-інде. Емір разъезінің маңы. 5 км, ал орны Шетпеден 50 км жерде. 15-ші разъезд маңында. Келтірілген Түлкілі, Қарлыбас, Шұқырауыл, Кендірлі,Қызылқала сияқты атаулар бүгінгі топонимдерге байланысты аталған шартты атаулар, сол аттармен аталып отырған көне қамалдардың аттары белгісіз — С.Қ10 Шорым (Шорын) атты жердің белгілісі екеу: бірі — Таулы Маңғыстауда, Шайыр ауылы маңында, екіншісі — Қызылсай  (Ескіөзен) кентінен оңт.-шығыста 30 км жерде. Әңгімебіріншісі туралы болып отыр деп шамалаймыз — Шерқала - Шетпеден солт.батыста 17 км жерде. Қызылқала - Шетпеден солт.батыста 18 км жерде. Шерқала тауынан 1 км жерде.Кендірлі1 және Кендірлі 2  - Сірә, Маңғыстаудан Харазымға апарар керуен жолдың Үстіртке шығар алдындағы территорияда, шамамен бүгінгі Кендірлі құмы мен Кеңдірлі сорының оңтүстік жағындағы Карамая-Қарашек, Қараған-Босаға өңірлерінде болған қамалдар. Ескі Бейнеу  - Бейнеу аудан орталығынан 15 км жерде. Жезді  - Бейнеудің солт.шығыс жағында. Мыңсуалмас - Бейнеуден солт. батыста карта бойынша 6580 км жер шамасында. Ұшқан  Жылойда, Атырау облысындағы Мұнайлы  кенішінің оңтүстік жағында, шамамен 20 км жерде. Ақтөбе  Жайықтың сағасында. JI.Галкин оны орта ғасырлық итальяндық саудагер картадағы "Лаэти" қаласымен шендестіріпті.Ләукескен - Бүгінгі ХаразымҮргеніш аймағыңда.

Маңғыстау қалаларының ерекшеліктері.

.  .Маңғыстау тоғыз жолдың торабы.Бұл жердің тарихы туралы тарихтың атасы

 атанған Геродоттан бастап,Страбон,Макдиси,Әбілғазы Бахадур еңбектерінде кездестіреміз.Маңғыстау түбегінен10-12 ғасырлардаЕвропаның сауда қалаларымен порттары қамтитын сауда жолдары Маңғыстау түбегінен өткен.Әр дәуірлерде өлке топырағын басқан А.Дженниксон.Саймонов.Карелин.Эверсман,Андрусов көптеген деректер қалдырған.Б.з.б 2-ғасырларда Қытайдан  басталған  Ұлы Қытай жібек жолының сілемдері Маңғыстау жерінен өткен.Маңғыстау жеріндегі қалалар Қазақстанның оңтүстігіндегі  Отырар, Түркістан,Сайрам,Сауран,Тараз қалалары сияқты зерттелмегендіктен көпшілік жүртқа белгісіз болып келді.Тарихшылардың жобалауы бойынша Каспий теңізінің Шығысындағы Маңғыстау қаласы 10-12 ғасырлар аралығында өмір сүрген. Бұл қала кезінде көптеген мемлекеттермен байланыс жасаған. Қала негізінен күйдірілген кірпіштермен сарыған, қала қамалдармен қоршалған.Қаланың орнынан керамикадан жасалған ыдыстар Қымыран.фарфор ыдыстар металдан жасалған  бұйымдар  көптеп кездеседі.Маңғыстау қаласын Хорезм мемлекетінің шахы 9-11 ғасырларда оғыз тайпаларынан қорғану үшін өзінің қорғаныс күшіне айналдырған.Қалада көп әскер ұстаған.Маңғыстау қаласы Үндістан мен Кавказда байланыстыратын жол болған.Бұл туралы деректерде кездеспейді.Есімі елге белгілі болған қала Монғол шабуылына ұшырап Отырар,Тараз қалалары сияқты талқандалуы,не болмаса табиғаттың апатына ұшырауы мүмкін.Бұлай айтуымызға себеп каспйй теңізінің деңгейі әрдәуірде өзгеріске ұшыраған.Иран жазушысы Наджиб Бекеран 1304 Каспийдің Оңтүстік жағалауындаңы Абаскун портының теңіз астына батып кеткенін айтқан.1220 жылдары географ Марино Сануто теңіз жылына  бес елі көтерілуде,талай тамаша қалалар  теңіз астына кетіп жатыр деп жазған.Маңғыстак қаласы жобамен  қазіргі  Форт-шевченко қаласынада Сартасқа таяу жерде Шытжа деп аталатын суы мол құдық бар,құдыққа жақын жерде Ембі тауы етегінде қорымда әртүрлі тастармен жабылған бейіттер тұр.Жергілікті халықтар  бұл жерді «қырғын»деп атайды.Осы жерден теңізді жағалай Шерқала, Бозашы т.б. қалаларға жұретін жолдар сайрап жатыр.Осы жер бұрынғы Маңғыстау қаласының  немесе басқа бізге белгісіз қаланың орны болуы мүмкін.Біздің жерімізде өмір сүрген қаланың  бірі Қабақты қаласы болған.Қабақты қаласы Астрахань, Сарайшық қаласымен байланыс жасаған.Қала негізінен сегіз, тоғыз ғасырдай өмір сүргенге ұқсайды.Қала күйдірілген ақшыл кірпіштен тұрғызылған.Қабақты қаласы-Европаның сауда саттық жасауға қолайлы,балықшылық кәсібі дамыған.Қаланың ортасында кірпіш өртейтін ошақтар болған.1962 жылы осы жерден  20метрдей сұйық затқа арналған құмыра табылған.Құмыра сыртында ою –өрнегі жоқжәне басқадай ыдыс аяқтар табылған.Шала қорытылған қызғылт түсті мыс ыдыстаркөп болған.Бұл ыдыстар-12ғасырлардағыбұйымдар,10-12 ғасырдаҚараханидтер мемлекетінің гүлденген кезіндеОңтүстік Қазақстандаөнер мен мәдениет өскен тұста Маңғыстауда да күйген кірпіштен қалалар қаланған,мешіт,керуен сарайлары тұрғызылған .Қамыран қаласы Қараханидтер мемлекеттерімен мәдени байланыс жасаған.Қалада отырықшыегістік,сауда саттық кәсібі жақсы дамығанға ұқсайды.1940 жылға дейін Қабақты қаласының маңында егілген ағаш тұқымынан бір ғана түп тұрған.Ел аузында осы ағаштың сыры туралы Қабақты қаласыныңбилеушісі Қамыранның сұлу,ақылды жалғыз қызы болады.Ол балықшы жігітке ғашық  болған.Екеуінің осы ағаш түбінде кездесіп жүргенін сезіп қойған билеуші екеуін ағашқа асып өлтіреді.Екі жастың махаббатына куә болған ағашты халық «Қамыраннан қалған қанды ағаш »-деп атап кеткен.Ұзақ уақыт бойы бұл ағаш қурамай жасара беріпті-деген аңыз сақталған.Маңғыстау жеріндегі ірі сауда орталықтарының бірі болған қаланың бірі Қызылқала оның айналасы 800метрдей,төрт бұрышты.Қабырғалары сом тастардан ішікүйген кірпіштен тұрғызылған.Соған халқы Қызылқала деп атаған.Қаланың шығыс жағанда арба кіретіндей батыс бетінде түнегі кісі кіретіндей есіктері болған.Қаланың оңтүстігінде шағын төбеге кірпіш күйдіретін арнайы пеш болған.Кірпіштерді төменнен арнайы үрлеу арқылы от қыздырып күйдірген.Осы жерге жақын жердегі Шерқала бетіндегі бұлақтар  жағасында салынған.Қала халқы егіншілікпен ,бау-бақша шаруашылығымен айналысқан .Бұл жерде керамикадан ыдыстар,құмыралар жасалған,оның беттеріне  әшекейлер ою-өрнектер,өсімдіктер өрнектерін салу шеберлікпен пайдаланылған шыныдан ыдыс жасаумен бірге мыстан құман,темңірден қалқан жасау әдістерін  меңгерген,жасалған бұыйымдардың бетін жылтыратуа күкірттерді  падаланған. 1932 жылы бұл жерден екі құмыра табылған

 

.Екеуіндеде күкірт шыққан. Біреуі 5-метрлік,екіншісі 10 метрлік. Қызылқала 10-12 ғасырлардағы құрылысқа ұқсас.Қаланың тұсында Қызылқала қамалы тұр.Шерқала арабша «Арыстан қала» дегенді білдірген.Қамал 8-9 ғасырларда Арабтарға күшті қарсылық көрсеткен,кейіннен Хазарлықтар мен Хорезмдіктердің мекеніне айналды.Шерқала  Ақмыш тауының солтүстік жағында жапсарлас тұр.Үстіне шығатын жол жоқ,биіктігі елу метрдей  қамал қабырғалары табиғи тау тасымен күйдәірілген кірпіштен салынған тау арасында жоғары шығатын  туннелдер бар.Одан еңкейіп екі адам ғана күтуге  мүмкіндігі бар.Таудың жоғарғы шығатын жері жоқ.Қамалдың ұзындығы 300 метрдей.Қамалдың үстінде садақшыларға,күзетшілерге арналған ұялар бар.Сол ұяларда адайдың,Түрікменнің жарты ай,орақ,қазаяқ таңбалары бар.Шерқалада үй құрылысы жоқ.Ол қасындағы Қызылқаланы қорғағанға ұқсайды.

Маңғыстау жерінде бұдан басқада  көптеген қалалар болған. мысалы:Таушық ауылынан 17 шақырым жерде Алтынтапқан қаласы болған.Осы жерді зерттеген экспедиция 1965 жылыҚырланған үшкір таза мыс жез құймалар тапты.Тіпті 18-ғасырдаАстрахан губернаторына  түркмен старшындары хат жолдап қала салу керектігін айтқан,бұл жерде  алтын мен күміс көп,кеткен шығын өтелетіндігін айтқан.Сонымен ел аузында аңыздар сақталған-Теміртапқан қаласы.Бұл жерде темірден жасалған келсап,қой мүсінін жасап экспортқа шығарып отырған.Қала Хорезм,Соғды елдерімен байланыс орнатқан себебі,VI ғасырда сол мемлекеттерден табылған лазурит-көкшіл тастар осы  қалалардан табылған. Маңғыстаудағы қалалардың сауда экономикасының дамуы әр дәуірде әр қиля болған, оған себеп ауа райындағы өзгерістер үлкен әсер еткен.Маңғыстау тарихи ескерткіштерінің ішінде ерекше орын алатыны   Форт-шевшенко  қаласының орнындағы  Кеікқаласы.Бұл ұала туралы 2008 жылғы жүргізілген зерттеулер  мәліметтер  берді. Жергілікті археологтар қаланың көлемі 50 га асатынын анықтады.Қалашықтан Хорезм,Иран Азербайжан,Қытай елінен өндірілген қыш ыдыстардың сынықтары екендігін анықтап отыр.Әртүрлі тиындар  т,б деректер табылды.қала 14 ғасырға дейін өмір сүргенге ұқсайды.

 

Қорытынды.

Мен сөзімнің түйінін Маңғыстаулық ұлы жазушы Ә.Кекілбайұлының 1960 жазылған «Ұйқыдағы арудың оянуы »деген еңбегіндегі мына сөздерді басшылыққа алғым келді.

«Егер жер шарындағы шөл атаулының барлың түрін, жалаңаш құзыр шың қара тауларды,жапан түздің не ақшағаладай ағараңдап,не батар күннің нарт қызыл нұрындайжалқынданып,алыстан қөз арбап тұратын көркем мұнараларды ... өз көзіңізбен көргіңіз,тастай боп дыңылдап жататынайдай тақырлардыөз

 

 

аяғыңызбен басқыңыз келсе...-Маңғыстаудан артық жерді таба алмайсың.Шөл

 

табиғатының алуан-алуан құбылыстарының  бәрі-бәрі осы бір асыл қазына жиған алтын сандықтай аядай өлкеде түгел ұшырасады... Бұл өлке  ұйқтап жатқан арудай өзінің оянар сәтін күтуде »

 Маңғыстаудың жер астындағы табиғи байлықтарды зерттеліп әлемге әйгілі болды. Ендігі мақсат белгісіз болып келген жер астындағы көміліп жатқан мәдени ескерткіштерімізді анықтау,жас ұрпаққа тәрбиелеу, үйрету.Алдағы жүргізілетін зерттеу жүмыстары барысында нақты тарихи құнды деректер беруі күмәнсіз. Осындай ескерткіштердің болуы және осы жердің табиғатының көркемдігі болашақта туризм бизнесінің дамуына үлкен жол ашады деп үміттенеміз. Бәрімізге белгілі қазірде дүниенің дамыған мемлекеттерінің көбінде туризм саласы қазынаға көп қаржы әкеліп отыр. Ол үшін Маңғыстауда жақсы сақталған Қызылқала сияқты ескерткіштерде археологиялық қазба жумыстарын жүргізіп, ғылыми талдаулар жасап, туризм саласын дамытуға болады деп ойлаймыз. Сонымен бірге Кетік,Алтынтапқан,Қабақты сияқты қалаларының зерттелуіне мемлекет тарапынан мол қаржы бөлінуі және өңірлік мәдени бағдарламаға енгізу арқылы мәселені шешу.Қазіргі кезде Оңтүстік облыстардың көптеген қалаларына археологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізуде.Оңтүстік қалаларын мектеп бағдарламаларына  енгізіп жас ұрпақ білуде.Менің тағыда бір ойым зерттеу арқылы табылған қалаларды мектеп бағдарламаларына енгізіп маңғыстау тарихының тереңде жатқан тарихын жас ұрпақтарға білдіру.

Кезінде Шерқала туралы Б.Залесский 1851 жылы былай деп жазған:«Шерқала Римдегі діни жерлеу орындарын еске түсіретін орта ғасырдағы мәдени орын. Қарасаң жаның жай табады, қуанасың».Есбол Өмірбаев Шерқаланы «Сфинкс»деп атаған.Өлкеміздегі қайталанбас құнды ескерткіштерімізді игеретін болсақ, туризмнің дамуымен қатар жұмсалған шығын өтеліп керісінше мемлекетке көп пайда келтіретіне сенімдімін.

 

 

 

.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

 

 

1.Ә.Кекілбайұлы                 Ұйқыдағы арудың оянуы.Алматы-1999ж        2.С.Қондыбай.  Маңғыстау мен Үстірттің киелі орындары . Алматы.2008ж      3.Маңғыстау энциоклапедиясы.39-42 беттер4.Н.Задерецкая.       Мангистау- край преданий и легенд.Алматы .2010ж

 

5.Интернет материалы.   М.Қалменов « Маңғыстаудың археологиялық

                                                                                 зерттеу орындары».

6.К,Байпақов     Қазақстанның ежелгі қалалары Алматы.2005ж.

 

7.Астафьев А.Е.      Қызыл қала---Аңыз қала.    2010ж.

Просмотров: 4758 | Добавил: Хан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: