Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Қазақша рефераттар және презентациялар

Сенбі, 18.05.2024
Главная » 2013 » Желтоқсан » 3 » Махмұт Қашқари (1029 ж. туған)
18:48
Махмұт Қашқари (1029 ж. туған)

Махмұт Қашқари (1029 ж. туған)

  Түркі әлемінің тұңғыш түрколыгы, данышпан білгіші Махмұт Қашқаридың өмірі мен қызметі жөнінде мәліметтер аз болғандықтан, оны өз туындысы «Диван-и лұғат ат-Түрктен» («Түркі тілінің сөздігі») ғана біле аламыз.

  Махмұт Қашқаридың толық есімі-Махмұт ибн әл-Хусейн ибн Мұхамед. Туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Ғылыми жорамалдарға қарағанда, ол 1029-1038 жылдар аралығында Қашқарда дүниеге келген. Махмұт Қашқаридың Қараханидтер әулетінен шыққандығы айтылады. Ата-бабаларының бірі-Харун әл-Хасан бин Сүлеймен Боғра хан атағын алған, Маураннахрды жаулап алып, Саманилердің астанасы болған Бұхараны да басып алған. Әкесі Боғра ханның немересі Хусейн бин Мұхаммаед Барсханның (Барскон) әкімі еді. Кейін, Қараханидтер әулеті билеген мемлекеттің мәдени-саяси орталықтарының бірі – Қашқарға ауысқан. Махмұттың   «Қашқари» ныспысын алуы да осы қалада тұруына байланысты болатын.

Махмұт оқып-жазуды және кейінгі тәлімін өзі туылған Қашқарда алды. Ол заманғы Қашқар қаласы – Шығыс Түркістанның ірі саяси жаңа мәдени орталығы еді. Махмұттың замандасы Жүсіп Баласағұн осы кезде өзінің өлмес «Құтты білігін» жазғаны – бұл өлкеде ғылым мен өнердің аса дамығанын дәлелдейді. Олуақытта барлық ислам елдерінде, олардың ішінде Қашқар елінде де мектептерде Құран, араб тілі, заң негіздері, математика оқытылатын. Бірақ Махмұт тек Қашқарда алған білімімен шектелмей, Азияның басқа да, Бұхара, Самарқанд, Нишапур, Мерв, Бағдат сияқты ірі мәдени орталықтарында білімін кеңейтеді.

  Өз тіліне, өз халқына деген сүйісрпеншілігі Махмұтты жер-жерге апарады. Талай ел кезіп, керекті деректер жинап, соңында өзінің данышпан еңбегін жаза бастайды. Кейбір ғалымдардың жорамалдары юойынша, бұл кітап Бағдатта жазылған-мыс. Бірақ осыншама рі әрі құнды еңбек Бағдаттағы кітапханаларда тіркелмегені, орта ғасырлық арабтың білімі мол ғалымдарының бұл «Диванды» білмегені, сонымен қатар «Диванда» Бағдаттың еш аты аталмағаны бұл жорамалдың дұрыстығына күмән туғызады. Сондықтан Махмұт Қашқари «Диванды» жазуға 1072 жылы Қашқарда кірісті деген дұрыс болар. «Диванды» жазып бітірген жыл туралы да ғалымдар арасында ауызбірлік жоқ. Дегенмен, ең дұрысы 1083 жылы октябрьдің 27-де аяқталғанын айта аламыз, бұған «Диванның» ішінде де дәлелдер бар.

  Түркология тарихында тұнғыш тарихи-салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихы диалектологиясының негізін салды. Оның мәліметтерін түркі тайпаларының ХІ ғасырда отырықшылыққа көшіп, қала мәдениетін қабылдағанын көреміз. Ол сол заманғы түркі тайпаларын географиялық орналасу ретімен батыстан шығысқа қарай санап көрсетеді және олардың орналасу картасын береді. Жеке тайпа тіліне тән сөздерді түсіндіру үстінде этнографиялық, тарихи, географиялық мәліметтерді де келтіріп отырады. Ол мәліметтерге сүйене отырып, ХІ ғасырда түркі тайпаларының мекен еткен жерін, кімдермен көрші болып араласқанын білуге болады. Махмұт Қашқари Оғыз тайпасының ұсақ руларына дейін атап көрсетеді, олардың әрқайсысының қолданатын таңбаларын атайды. Басқа халық өкілдеріне түркі тілін үйренуге кеңес береді.

Түркі ғалымы

Махмұд Қашқари түркінің тұңғыш тіл маманы, түркі тілінің оқулығын жасаған, грамматикасын түзеп, жалпы түркі әлемінің тіл өнерінің өрісін кеңейтіп, өркенін өсірген ғұлама. Түркология тарихында ол тұңғыш тарихи салыстырмалы әдісті қолданып, түркі тілдері тарихи диалектологиясының негізін салды. Оның осы тілдерді салыстырмалы түрде зерттеу тәсілі бүкіл Шығыс тілшілеріне ортақ зерттеу тәсілі ретінде өзінше бір мектеп болып қалыптасты.Түркі жұртының бай тарихы, географиялық жағдайы, әдебиеті мен өнері, этнологияық ерекшеліктері «Диуани лұғат ат түркте» нақты тарихи деректілік сипатпен танылған. Ол көптеген ұлыстардың, тайпалардың тіл ерекшеліктерін саралап, түркі тілінің бітімін ежіктей түсіндіреді, тұрмыс салтын, әдет ғұрпын баяндайды, сол кездегі бір қатар қаламгерлердің, ғұламалардың, тарихи адамдардың аттары мен өмірбаяндық деректерін, түркі халықтарының байырғы жырларын, мақал мәтелдерін береді. Сонымен қатар ол көне дәуірдегі түркінің әлемдік қартасын жасап, онда Барсхан, Баласағұн, Тараз, Екіөгіз, Қашқардан бастап, түркі дүниесінің ежелгі шаһарларын, елді мекендерін түгел дерлік көрсетеді. Бұл ретте оны түркі жұртының тұңғыш энциклопедиялық анықтамалығы десе де болады

Махмұт қашқаридың ‹‹диванилуғатыит түрк›› кытабындағы мақал - мәтелдер

 

құс қанатына сенер,

ер атына сенер.

 

сыналмаған текірер,

сақтанбаған өкінер.

 

кеңесшіл ақыл озар,

кеңессіз ақыл  тозар.

 

азығы бар арымас.

 

аш не жемес,

тоқ не демес?!

 

үрейленген үйінде жата алмас.

 

көк найза батсын,

қызыл қан ақсын.

 

тіл түйгенді тіс шеше алмайды.

 

әдемілігіне қарама,

әдебіне қара.

бірім - бірім мың болар,

тама- тама көл болар.

 

ата баласы атасына тартып туар.

 

ажалды тышқан,

мысықтың арқасын қасыиды.

 

мұз болса  су тамшылар.

 

ер кісі өр келер.

 

қырдағы қырғауылды іздеп,

үйдегі тауығыңды ұмытпа.

 

құс тұзаққа құлқынның  қырсығынан ылыгер.

 

опық жегеннен от ұстаған артық.

 

күнге бақса,

көз қарай алмас.

 

аларман - арыстан,

берермен - тышқан.

 

төрт түлігі сай адам тез қартаймайды.

 

қаз ұшып кетсе, көлді үйрек жағалар.

 

қауын талапайға түссе,

қожасы қос қолдап тартар.

 

амандығында адам абдырамайды,

емшекте баласы бар әйелдің тәбеті жақсы.

 

саудагердың сатары асыл болса,

жол үстіне жаяр.

 

күздің бетәлісі көктемде белгілі.

 

баланың ісі дөп болмас,

серкеш мұйзы сап болмас.

 

қанды қанмен жуғанға кетпейді.

 

қара күн басыңа тумай, қара су кешпе.

 

бар - бақыр,

жоқ - алтын.

 

балқтың өзі суда,

көзі  қырда.

 

үйде өскен бұзау өгіз болмас.

 

бейбақ құдыққа түссе  , құм жалар.

 

серкеш еті ем болар,

ешкінің еті жел  болар.

 

қырық жылда бай мен кедей теңесер.

 

көп  сөзді ұғып болмас,

қатты тасты  үгіп болмас.

 

түйе мінген  қой арасына жасырна алмас.

 

жаяудың аты -  шарық,

күші -  азық.

 

түздегі бөрі ұлыса,

үйдегі иыттың жаны ашыр.

 

батыр - жауда,

дана - дауда.

 

лақтың жілігі әлсіз,

ұланның білігі  мансыз.

 

түйе туласа бір есектік  жүк  қалар.

 

ханның ісі болса тынар,

қатынның ісі тұра тұрар.

 

безерден ырыс  безер.

 

бақыт нышаны - білік.

 

елгезектің ерні май болар,

еріншектің басы қан болар.

 

еріншекке есіктен аттаудың өзі

асудан асқандай.

 

ұлан жасында қатуланса,

ұлғайғанда  сүйінер.

 

егілмейінше өнбес,

тілемейінше бермес.

 

арпасыз ат  қыр аспас,

арқасыз батыр жау алмас.

 

‹‹от,от›› дегенге ауыз күймес.

 

құрғақ қасық ауызға батпас,

құрғақ сөз құлаққа жақпас.

 

ауыз жесе,

көз  ұялар.

 

танымайтын кісіңнен ,

танымал шайтан артық.

 

таяғы бар таймас,

куә сөзінен танбас.

 

дос достан артық алмас.

 

андыз болса, ат өлмес.

 

іңген еңіресе,

бота боздайды.

 

еріншекке бұлыт көлеңкесі де - жүк.

 

батыр көңілін қалдырма,

жүйрік арқасын алдырма.

 

жылан өз иірлігін білмей,

түйе мойны иір дер.

 

сусағанға жылтырағанның

бәрі  су  көрінеді.

 

алыппенен  ұрыспа,

әкімменен тұрыспа.

Просмотров: 6668 | Добавил: Хан | Рейтинг: 4.0/4
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: