Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Қазақша рефераттар және презентациялар

Сенбі, 18.05.2024
Главная » 2014 » Наурыз » 21 » СӨС дамуы – баланың дамуы
01:08
СӨС дамуы – баланың дамуы
Адамның денсаулығы өз қолында, ол үшін адам күресе білуі қажет. Балалық шақтан бастап белсенді өмір сүруі, ағзасын шынықтыруы, дене тәрбиесі және спортпен айналысуы, жеке гигиена ержелерін сақтауы қажет, осындай санаға қонымды жолдар арқылы денсаулыққа қол жеткізуге болады. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтамасы бойынша, денсаулық – бұл тек қана аурулардың болмауы емес, бұл - физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік салауаттылық күйі.

Мектепте оқушыларға салауатты өмір салты туралы презентация берілді. Бұл таныстырудан кейін «тең терезе» қағидасы бойынша тренинг өткізілді. Оқушылар салауатты өмір салтының негізгі қырларымен танысты. Олармен тенингті Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының психологы Д.А. Ысқақова өткізді. Сондай-ақ тамақтану жөніндегі маман К.Ж. Хамзин оқушыларға дұрыс тамақтану жайында әңгімелеп берді. Яғни күніне 4 рет тамақтану қажеттігі жайында, тағамның әр түрлі азық-түліктерді қамту керектігі, тағаммен ағзаға жеткілікті мөлшерде ақуыз, майлар, көмірсулар, минералды тұздар мен дәрумендер жетіп отыру қажеттігі жайында; рационнан чипстерді, тәтті газдалған сусындар, әртүрлі қоспалары бар кептірілген нан және фаст фудтерден бас тарту қажеттігі жайында әңгіме қозғалды.
Просмотров: 739 | Добавил: Хан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: