Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Қазақша рефераттар және презентациялар

Сенбі, 18.05.2024
Главная » 2013 » Желтоқсан » 10 » Теннис
18:39
Теннис

Теннис - бірне бір (жалғыздық ойын), немесе екіге екі ойналатын (жұптық ойын) спорттың бір түрі.

 

Теннис тарихы:

Теннис ойынының тарихы ежелгі дәуірден басталған. Оның ең алғашқы үлгісін грек пен римдіктер ойлап тапқан. XII – XIII ғасырдағы тарихи жазбаларда '''Италияда''' адамдардың доптарды қолдарымен немесе ағашпен қайтарып ойнайтын ойыны жайлы мәлеметтер кездеседі. Ойынның аты «ДЖИДОКО» деп аталған. Ал XVI ғасырда бұл ойын француздарға жетті. Француздар ойынды «же де пом»(алақанмен ойнау) деп өзгертеді. Бұл бүгінгі күндегі теннистің бастауы болды. Алғашында адамдар ойынды тек қолымен ойнаған. Англияға жеткен теннис күрделене түседі. Бастапқы да қолғап киіп ойнайтын , уақыт өте келе допты қайтару үшін ракетка, сонымен бірге ортаға тор қойыла бастаған. Ағылшындар бұл ойынды «REAL TENNIS» деп атайды.

Теннистің ең алғашқы доптары теріден жасалған болатын. Мұндай доптар тек тегіс жерде ойнауға ыңғайлы еді. Ал резеңкелі доптар пайда болған тұстан бастап ойын негізінен шөптің үстінде ойнала бастады.

Майор Уолтер Уингфилд өз қонақтарының көңіл – күйін көтеру мақсатында лоун - теннисті (шөп үстіндегі теннис )ойлап табады. Ойынға арнайы алаң - корт салады. Ол 1873 жылы ойынның ең алғашқы ережелерін газетке шығарып, жаңалығы үшін 1874 жылдың 23 ақпанында патент алған. Бұл күн тарихта «теннистің туылған күні » болып есептеледі. Бірақ , 1877 жылы Уолтер өз патентінен бас тартады. Осы уақыттан бастап теннис Еуропадан Канада, Қытай мен Үндістанға тарала бастайды.

Теннис тарихындағы ең алғашқы турнир 1877 жылы Англиядағы Уимблдонда болып өтеді. Ойынға 22 ойыншы қатысып , жүлдеге күміс кубок қойылады. Сол кездегі енгізілген ережелер қазіргі күнге дейін өз маңызын жоғалтпай келеді. Ал әйелдер арасындағы жарыс 1884 жылы ұйымдастырылды.

«Теннис » француздың «Tenez!» деген сөзінен шыққан. Оның тура мағынасы «Мынау сізге! Ойнаңыз!» дегенді білдіреді. Осы сөзді айту арқылы ойыншы қарсыласына допты лақтырып отырған. Кітап беттеріндегі «теннис » атауы 1400 жылы жазылған еңбектерден кездескен. Теннис ең алғаш ойнала бастаған тұстан бастап «король ойыны» деген атауды иемденді. Өйткені Франция мен Англияның корольдері осы ойынға үлкен ықылас танытқан. 'Король Генрих II' Францияның ең мықты теннисшісі атанса , ал 'Людовик XIV' теннис алаңына қарайтын жеке қызметшілер жалдаған. Сол кездерде бай отбасының мүшелері теннис ойынын ойнаған.

Теннис ойнындағы ең жоғарғы дәрежеге жету үшін теннисшіге 4 маңызды теннис турнирінің жеңімпазы атану керек. Осы 4 ең мықты турнирлерді жеңіп алған ең жас теннисші Дон Бадж еді. Ол мұндай дәрежеге 23 жасында жетті. Испанның атақты теннисшісі Рафаэль Надал да ең мықты теннисшілердің жетілігіне кіреді. Ол 50 турнирдің жеңімпазы атанып , ерлер арасында рекордтық көрсеткішті көрсеткен. Ал теннисшілердің ең үздігі – швейцарлық теннисші Роджер Фердер 76 рет жеңіске жетіп , әлемнің ең мықты ракеткасы атанған.

Қазiргi теннистiң тарихы XIX ғасырдың екiншi жартысында бастайды. Дәл сол кезде "лаун-теннис" аталған ойын пайда болады, оның із ашары одан да көнерек, бөлме ішінде ойналатын ойын болған. Уимблдон турниры, осы кезге дейін сақталған ең көне теннис жарыс түрі 1877 жылдан бастап өткізіліп келеді, ал ұлттық құрамалар арасындағы тұнғыш жарыс - Дэвис кубогы - өзінің тарихын 1900 жылдан бастайды. Теннис Олимпиада ойындары программасының бөлігі болып 1896 жылы өткен I Олимпиададан бастап табылады, алайда, теннис және Олимпиада ойындары тарихында, тек 1988 жылы біткен, жартығасырлық үзіліс орын алған. Басында, теннис ресми түрде әуесқойлық спорт тұрі болып саналған, алғашқы кәсіпқой-ойыншылар тек XX ғасырдың 20-жылдары пайда бола бастады, ал 1960 жылдың соңынан бастап Ашық дәуір басталып кетті, оның шеңберінде барлық жарыстар әуесқой ойыншыларға да , кәсіпқой ойыншыларға ашық болып, ITF, ATP және WTA халықаралық ұйымдар меңгеру астында, бірнеше ірі циклге ("тур") бөлінді.

Қазiргi теннистiң негiзiн салушысы болып баспана ішіндегі ойын болып саналады, атауын XIX ғасыр ақырыны дейiн алып жүрген, ал қазiр Нағыз теннис, корт-теннис немесе жё-де-пом (фр. jeu de paume, "алақанмен ойын" дегенді білдіреді ) атымен белгiлi. 12 адамға дейiн бiр уақытта ойнай алатын, Жё-де-пом, XI ғасырда монастырьлерде пайда болғанға көрінеді. Ойынның алғашында, қол пелотасында сияқты допты қолмен тойтарған, кейіннен қолғаптар, бита және XVI ғасырда ракетка мен тор пайда болды. Сол уақыттың француз, испан, ағылшын корольдері ойнаған жё-де-пом де, дәл сол кезді әйгілі бола бастайды.

Теннистiң орта ғасырлық әдебиетiндегi өте белгiлi аталып өтулерінін бiрі Шекспирдін "Генрих V" тарихи хроникасында кездеседі, француз дофины жас ығылшын короліне қалжын ретінде теннис доптарына толы кішкене бөшке жібереді. Алайда Генрих V-кежіберілген теннис доптар, Шеспирден бұрын, Гальфрид Монмутскийдін "История королей Британии" хроникасының жалғасында кездеседі, хрониканың өзі XV ғасырдың бірінші жартысына жатады.

XVI ғасырда француз корольдерінің көбісі теннис ойнады: Франциск I королінің яхтасында теннис залы жабдықталған, Генрих IIЛуврде теннис залын салу туралы бұйрық берді, ал Карл IX 1571 жылы париждік теннис ойыншылар мен шеберлерге гильдияқұқығын беріп, теннисті ханзадалар, пэрлар және мәртебелi адамдар шұғылдана алатын жаттығу түрлерінің ең асыл, сенiмдi және пайдалы түрі деп атады. Теннис Генрих VIII-дін де спорт түрі болды, ол осы ойынға Вестминстерде және Хэмптон-корттезалдар салды (соңғысы 500 жылға жуық алғашқы мақсаты бойынша қолданылады). Корольдер мен монахтардан басқа теннис бұқара халықты да қызықтырды: ортағасырлық университеттер залдар салды, ал қала тұрғындары теннис далада ойнағын. 1600 жылға қарай әр улкен қалада бірнеше залдан, ал Парижде 250-ден астам зал және мыңнан астам ашық корттар болды.; 1604 жылғы бағалау бойынша, Францияда, теннис залдар шіркеулерге қарағанда 2 есе көп болған деген ой бар.

Осыған қарамастан, теннис, өзінін көпжылдық тарихында таңдаулылардың ойыны болып саналды. Матч қатысушыларының аз саны және көрермендер үшін шектелген көру зоналары себептерінен, теннис шынымен халық көңiл көтеру ойыны бола алмады, жүз жылдан кейін Парижде тек 10 теннис залы болды, бәрінін сапасы нашар болған. Теннис залдары басқа мақсаттарға қолданыла бастады, сонын ішінде театр труппаларының ойын көрсетуі үшін, «Оксфордская иллюстрированной энциклопедии театра» кітабына сәйкес, бұл құбылыс келешек театр залдарының формасын алдын ала анықтады. Жё-де-помның сақталып қалған бір залы тарихқа,Үшiншi сословие Генералды штаттарынын депутаттары жиылған орны болып кірген, олар 1789 жылғы король жарлығы бойыншамәжiлiсханаға кіргізілбеген. Депутаттар өздерін Ұлттық Жиналыс деп жариялап, Францияда конституция қабылданғанша, осы залда кездесуге серік береді. Қазіргі теннистін қарқынды дамуына қарамастан, жё-де-пом өзінін тіршілігін жойған жоқ. Бұл спорт түру 1908 жылдың Олимпиада ойындарында сайыс түрі ретінде кірді, ал жүз жылдан кейін әлемде 5000-ға жуық бас июші болған.

Лаун-теннис ойыны:

Қазіргі кезге дейін теннисті кім ойлап тапқанын сенiмдi түрде белгiсiз, бәрақ, ең көп таралған нұсқа бойынша, ойын негізін салушы майор Уолтер Уингфилд болды. Ол ойынды, Уэльстегі үйінде қонақтарын сергіту үшін ойлап тауып, 1873 жылы ойынның алғаш ережелерін жариялайды. Ойынға    бір мезгілде 2 ат беріледі: «сферистика» (ағылш. sphairistike гр. σφαιριστικήсөзінен, доппен ойын дегенді білдіреді) және «лаун-теннис» (ағылш. lawn tennis, көк шалғын теннис ). Негіз ретінде ол оған тұстас теннисті қолданды (біздің заманда нағыз-теннис). Уингфилд тапқан ойында, сол кезде танымал болған бадминтон ойынының әсерін де байқаса болады. Солай, алғашында корт ортасындағы тор ұзындығы бір жарым метрге жетіп, санақ әр геймде 15 ұпайға дейн болды

Қазіргі теннистін мүмкін әкелері ретінде, 1858 жылы теннис түрі, рэкетс ойының Бирмингем төніректерінде шөп газон үшін бейiмдендiрген, ал 1872 жылы жаңа ойын сүйетіндер клубын ашқан британдық Томас Генри Гем және испандық Аугурьо Перера айтылады. Уингфилд ойыны пайда болған сон Гем өз ойынына ережелер жасап, оны пелота деп атайды, Уилмингтон клубы бұл ойынға Уингфилд ойлап тапқан ойын атынем бірдей атайды - «лаун-теннис».

Алғашқы теннис жарыстары:

13-14 ғасырда Италия, Франция мен Англия тұрғындары себет арқылы допты алақандарымен лақтырып теннис ойнаған. 16 ғасырдың бас кезінен бастап ракетка қолданысқа енгізілген. Ал, қазіргі қолданыстағы теннистың тарихы 1873 жылдан Ұлыбританияда басталады. 1874 жылы британ әскери бөлімінің офицері Уолтер Уингфилд теннистің жүйесін жинақтап, ойынның шарттарын жарыққа шығарды. Ағылшындық Уингфилд ойлап тапқан әлгі ойынға «сферистик» деген ұғым берді. 1875 жылы аталмыш ережелер «лаун-теннис» деп аталды.

Кішкентай ғана допты сетка арқылы лақтыру ойыны антикалық кезеңде алғаш рет Ежелгі Грекия, Ежелгі Мысыр елінде дамыған. Ғасырдың орта шенінде Еуропа халқы тенниске ұқсас ойынды санаға сіңірді. Ойын "филд-теннис", "корт-теннис", сондай-ақ "лонг-пом" және "курт-пом" деген атпен Франция, Испания мен Италияға аса қарқынды дами берді. Бүгінде әлемде теннисті танымайтын ел жоқ. Ірі халықаралық турнирлерге халық жаппай жиналады.

Халықаралық ірі турнир біріншілігі Аустралия, Франция, Англия мен АҚШ та үнемі өтіп тұрады.

1877 жылдан бастап Уимблдонда теннистің алғашқы турнирі өтті.

ХІХ-ХХ әлемнің әр түкпіріне етене танылды. 1913 жылы құрылған Халықаралық теннис федерациясы ITF (International Tennis Federation) 1977 жылға дейін «Лаун-теннис халықаралық федерациясы» ILTF (International Lawn-Tennis Federation) деген дәрежені иеленді.

Бұл 1998 жылы өз қанатына 190 ұлттық федерацияны топтастырды.

Теннис Олимпиада ойындары бағдарламасына 1896 жылы енгізілді.

1896 жылы ерлер арасында біріншілік ұйымдастырылса, 1900 жылдан бері әйелдер арасында жарыс үздіксіз өткізілуде.

Алайда, 1928 жылы теннис спорт ретінде Халықаралық олимпиада комитеті бағдарламасынан аластатылып, тек олимпиада ойындары қатарына қосылды. Тек 1968 жылы ғана Мехикода өткен XIX олимпиада ойындарына теннис турнирі көрсеткішке ілікті.

1977 жылы халықаралық олимпиада комитеті Прагада өткен 79-сессиясында ITF халықаралық теннис федерациясын Олимпиада хартиясының талаптарына сай келетін жетекші спорт түрі деп мойындады. Алайда, бұл жеткіліксіз деп есептелінді.

1980 жылы Мәскеуде ұйымдастырылған XXII олимпиадасында теннис жарысы тізімге ілікпеді. 1984 жылы Лос-Анжелестегі XXIII олимпиада ойындарында теннис бәсекесі көрсетілді. Теннис ойыны тек қана 1988 жылы XXIV олимпиадасында олимпиада ойындарының ресми бағдарламасынан 64 жылдық үзілістен кейін қайта орын алды.

Олимпиада турниріне ресми команда құрамында өз елінің намысын Дэвис пен Федерация Кубогында өнер көрсетіп, шебер спортшылар ғана жіберіледі. Теннис ойынына керекті құралдар:

Ракетка

Ракетканың ұзындығы 81,3 см-ден аспауы керек. Ал ені болса 31,75 см-ден аспауы керек.

Доп

Доптың түсі ақ немесе сары түсті болады. Доптың салмағы 56,7 – 58,5 г болуы керек.Теннис ойнайтын корт шөппен жабылған немесе асфальтталған болады. Теннис алаңының ұзындығы - 23,77 метр, ал ені – 8,23 метр

Қазақ КСР кезеңі:

1940-1950 жылдардан бергі уақытта спорттың аталмыш түрі Қазақстанда дамып, тамырын тереңге жібере бастаған. Мәшина жасау зауыты іске қосылған уақытта Алматы қаласына Галина Тучашвили, Луиза Якимович және Шота Тучашвилилер келіп төл теннисіміздің бастау алуына себепкер болды. Соғыстан кейінгі уақыттарда Қазақстанда үлкен теннистен жеңімпаз атанған Александр Дрозд, Степан Пекай, Маргарита Суховерхова және Александр Марки секілді саңлақтар қазақ жеріне теннистің алғаш «ұрығын» септі. 1960-1970 жылдары Қазақстанда әуесқой теннистің кең етек алуына атсалысқан театр қызметкері З.Райбаев, суретші И.Бальхозин және жазушы С.Бақбергенов сынды өнер саласының азаматтары да болды. 1970-1980 жылдары ресейлік білікті бапкер Августин Вельц Қазақ елінде үлкен теннистен бірнеше таланттарды жаттықтырып, биік белестерді бетке алды. Оның Кеңес спортының жарық жұлдызы, Еуропа чемпионы Марина Крошина, Лилия Карпова (Максимова), Алла Филинова, Марина Ткаченко, Людмила Гушул, алғашқы қазақстандықтар арасында АнглияныңУимблдон жарысында өнер көрсеткен Алексей Рудь, Валерий Литвинов, Валерий Ковалев, Владимир Вельц, Виталий Гушул, Лариса Николаева, Александр Шкрыль, Маргарита Клепик, Эля Юсупова, Татьяна Бабина, Венера Жұмабаева (Баширова), Жанна Аманжолова, Келді Ержанов, Жолдас Жаманқұлов, Орал Аманжолов, Асхат Сыдықов, Наталья Максимчук, Оксана Фучаджи, Александр Гужавин, Александр Старцев, Татьяна Бабина, Семен Новиков, Дмитрий Арисов, Егор Шалдунов, Юрий Карлов, Алиса Вельц сияқты шәкірттері жергілікті жеткіншектерге теннис әліппесін үйретті.

 

Тәуелсіз Қазақстан:

Қазақcтан тәуелсіздікке қол жеткізген тұста қазақстандықтар арасында теннис қалақшасын сауатты меңгерген спортшылар некен-саяқ еді. Негізі қаракөз қандастарымыздың арасында алғаш тенниске ден қойған ағайынды Досқараевтар еді. Олжас теннис корттарында біршама жақсы нәтижелерге жетіп, қазақы қауымды бір қуантса, кейін оның туған інісі Диас теннис корттарында жасындай жарқырады. Қазақcтанның беткеұстар спортшысы ғана болып қоймай, алыс-жақын шетелдерде де бақ сынап жүрді. Бірақ, Олжас АҚШ-қа барып студент атанған соң теннис қалақшасын сирек қолға алатын болды. Ол тек Америкадағы жоғарғы оқу орындарының студенттері арасында ғана сынға түсті. Ал Диас бірер жыл ұлттық құрама сапында өнер көрсетіп, еліміздегі бірінші ракеткашы атанған Алексей Кедрюктің өзін састырды. Бүгінгі таңда аталмыш ағайынды жігіттердің үлкені мұхиттың арғы жағында қаржы саласы бойынша еңбек етіп жатса, кішісі сол АҚШ-та студент атанып жүр. Осындай оғлан жігіттеріміз шетелде жүргенмен, олардың орнын апалы-сіңілі Рақымдар басты. Алғашында Мәдина, кейін Әмина еліміздің үздік теннисшілері атанды. Әсіресе Әмина кортта өте сезімтал спортшы. Енді бұл теннисшілердің соңдарынан тұлымшағы желбіреген Зарина Дияс еріп келеді. Зарина былтыр Астанада өткен ересектер арасындағы аламанда шетелдік теннисшілерді шаң қаптырып, бас жүлдені иеленді. Бұрын осындай қомақты ұтыс қоры бар еліміздегі бәсекелердің бас бәйгесі ресейлік немесе өзбекстандық қыздардың еншісінде кететін. Сол олқылықтың орнын Заринадай қаршадай қыз толтырып отыр. Сонымен қатар, Зарина Дияс былтыр Алманияда өткен халықаралық додада бас бәйгені олжалады. А. Голубевтің Петербордағы жарыста ақтық сынға шыққаны, С. Каратанчеваның Аустралия ашық біріншілігінде үшінші айналымға дейін жеткені, Я. Шведова АҚШ чемпионатында төртінші айналымға дейін сүрінбей келгендігі, құрама команда ретінде Хопман кубогына қатысқанымыз қазір бізге үлкен жеңіс болып тұр.

Просмотров: 9634 | Добавил: Хан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: