Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Қазақша рефераттар және презентациялар

Сенбі, 18.05.2024
Главная » 2013 » Тамыз » 6 » Жасай бер Каспий!
01:10
Жасай бер Каспий!

                                                   Жасай бер Каспий!

   Каспий теңізі жағасында 5 мемлекет бар . Ауданы мемлекет бар . Ауданы 390 мың км2 . Жаға ұзындығы 7 мың км2. Қазақстан Республикасына Каспий теңізінің – 29% , Ресей–16%,

Азербайжан – 20%, Түркіменстан – 21%, Иран – 14%. Каспий ағынсыз қалдық көл.

   Терең жері 1025 метр . Солтүстіктен – оңтүстікке дейін 1200 км , ені – 320 км . Деңгейі 1929 жылы 422км2, 1969 жылы  371км2, 1830-1930 жылдары 150 метрге көтерілген,1931-1978 жылдары 29 метрге төмендеген, 1978-1998 жылдары деңгейі көтерілген.

   Орны Еуропа - Таяу Шығыс - Орал және Үнді мұхит аралығын байланыстырушы обьект . Физика географиялық жағдайына байланысты 3 бөлікке бөлінеді. Солтүстік,орталық, оңтүстік. Солтүстік Каспий ойпаты Орыс платформасының оңтүстігі, Орталық Каспий Үлкен Балхан, Үлкен Кавказ тауы мен Маңғыстау мезозойлық құрылымы, ал Оңтүстік Каспий Альпі аралық ойпаттың иілген бөлігін қамтиды. Солтүстік және Орталық Каспий шекарасы Чечень аралы мен Түпқараған түбегін, Орталық - оңтүстік шекарасы Обшерон түбегінен Красноводск түбегі арасын қамтиды. Көлдің шығысында Бозашы түбегі Қайдақ соры және Өлі қолтық Үстірттің батыс сілемддері енеді. Оңтүстік Каспий ең терең және тербелмелі

бөлігі болып есептеледі .

    Каспийге 130 өзен қүяды.Өзендер : Еділ, Жайық, Ембі солтүстік жағында; батысында

Терек, Кура, Сулаг; оңтүстігінде Тарган, Хират, Сефидрут, шығысында тұрақты ағыс жоқ.

    Мұз режимі тек солтүстік бөлігінде. Судың тайыздығынан және төменгі температура есебінен болады.

    Каспий теңізінде 50 –  ге жуық арал бар : Құлалы, Итбалық, Чечен, Артем, Жилой.

    Орташа тұздылығы 12,9 .

    Дауылдар жиі тұрады, шығыста 20-39 күн, желдер солтүстік - орталық бөлігінде желдер соғып тұрады . Орташа жауын шашын  200 мм. Жел бағытына сәйкес ағыстар туады. Ағыстар солтүстік  оңтүстік жағалауға суық су ағысын тудырады, оңтүстіктен шығысқа одан әрі солтүстікке , батысқа қарай солтүстік ағыспен түйседі. Оңтүстік Каспийде ағыстың ерекше түрі қалыптасады.

    Органикаалық дүниесі:

    Түрі саны аз болғанымен биомассасы үлкен. Өсімдіктің 500 түрі , балықпен жануардың 854 түрі бар, балдырлардың  64 түрі, фитопланктондардың 414 түрі, зоопланктондардың 100-ден астам түрі тіршілік етеді. Теңізде балықтың түрі кездеседі. Теңіздің құнды байлықтарының бірі бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүниежүзілік қорының 70%-ы осы теңіздің үлесіне тиетінін мақтанышпен айтуға болады. Теңіз жағалауларында3-3,5 млн.құстар қыстап қалса , ал жыл құстарының саны 10-12 млн-ға жетеді. Каспий фаунасы неоген дәуірінде қалыптасқан .

    Шаруашылық маңызы және елді мекендері :

    Шаруашылық маңызы сыртқы және ішкі байланыстар үшін өте үлкен . Шығыста Ақтау, Красноводск, Форт Шефченко, Құрық, Челекен.

    Порттары : Астрахань, Махачькала, Баку, Красноводск, Ақтау. Мына бағыттарда пором қатынасы  жұмыс жасайды : Баку - Ақтау, Баку - Красноводск, Баку - Бегддаш.

    "Ата көл” атанып кеткен Каспийдің қазіргі ахуалы дүниежүзі қауымдастығының назарында тұрған мәселе. Өйткені соңғы уақытта Каспийдің қайраңында жүргізіліп жатқан кең көлемдегі мұнай операциялары теңіздің экологиялық жағдайын қиындатып жіберді . Қалай болған күнде де мұнай өндіреміз деген мұнайшылар пікірін үкімет қолдауда. Қорықтық аумақ болып есптелетін Солтүстік Каспий жағалауының әсем табиғатына , оның экологиялық жағдайына атмосфераның , топырақ жамылғысының судық ластануы үлкен қауып төндіреді. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы ілеспе газды іске жарату . Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғарғы концентрациясы мамыр - шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай және мұнай өнімдерімен , улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкеледі. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен маллюскілерге , сондай-ақ құстары мен балықтарға зияның  тигізкде. Мысалы 1900 жылмен салыстырғанда балық аулау 3 есеге , яғни 500-600 мың т-дан 180 мың тоннаға дейін азайды. Каспий эколгиялық бағдарлаиасының негізгі мақсаты экологиялық тұрақтылықты дамыту және Каспий аймағының табиғи ресурстарын тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы - теңіз деңгейінің өзгерісі жағдайында жерглікті тұрғындардың тұрмысы мен шаруашылық жұмыстарының тұрақтылығын қамтамасыз ету ;

  -Каспий теңізі мен оның биоресурстарын ластанудан арылтып , қоршаған орта жағдайын жаксарту теңіздің экожүйесін сауықтырып, қалпына келтіру және оның биологиялық алуан түрлілігін сақтау; 

  -аймақта экологиялық қауыпсіздікті және қоршаған ортаның қалыпты жағдайын сақтап, ондағы тұрақты тіршіліктің дамуын қамтамасыз ету;

    Менің ойымша, қабылданған қара шешім бәрі бар. Мені алаңдататыны апат болған жағдайда қалай ауыздықтайды? Мысалы, Мексика шығанағы жағалауында апатты ге жуық кеме жұмылдрылып ,миллиардтаған қаржы бөлініп ауыздықтауға күш салды. Ал, Каспий теңізінің мұнай өндіретін аймақтарындағы теңіз суының тереңдігі 8 метрге жетеді. Үлкен кемелер бұл жерге келе алмайды. Екінші, теңізге түсетін мұнай өнімдерінің лас қалдығын есептейтін әдістеме жоқ. Үшінші, үнемі жүргізіліп секунд сайын қадағалап отыратын мониторингтің жоқтығы Сондықтан біздер қазір кім қалай, қай жерде, қандай көлемде зиян тигізіп жатқаның  анықтай алиаймыз . Осыған байланысты қырылып жатқан балықтар мен итбалықтардың өліміне кім кінәлі? деген сұраққа, міне, әлі күнге жауап жоқ. Бұл аз десеніз Кеңес Одағынан қалған мұнай ұңғымаларының әлі күнге дейін жүйелі түрде заласыздандырылмауы. Қанша мұнай кетіп жатыр, оларды қалай жөндеу керек, оларды қалай тығындау керек деген мәселенің шешілмеуі. Қаншама зиян келіп жатырғанын сеземіз, ұғамыз, істеліп жатқан шаралардың әлсіздігі, жүйеге түспеуі.             

   Қазіргі кезде бізді қоршаған ортаның ластаушы көздерін төмендегідей топқа бөлеміз:

   1.Физикалық ластану - радиактивті заттар, электрмагнитті толқындар, жылу, шулар және тербелістер.    

   2.Химиялық ластану - көміртегі өнімдері, күкірт, көмірсулар, шайынды сулар, пестицидтер, гербицидтер, фторлы қосылыстар, ауыр металлдар, аэрозолдар.

   3.Биологиялық ластану - ауру қоздырғыш бактериялар мен вирустар, құрттар, қарапайымдылар, шектен тыс көбейіп зиян келтіретін жәндәктер.

   4.Эстетикалық зиян - табиғаттың қайталанбас сұлу ландшафтарының бүлінуі, орман тоғайлардың жойылуы.

   Осындай апаттарды болдырмау  үшін 1992 жылдың маусымында БҰҰ ның РИо де Жанейродағы болған айналаны қоршаған орта жөніндегі конференциясы климаттың өзгеруі туралы рамкалық Конвенция қабылдап, оған 150-ден астам ел қол қойды. 1999 ылдың 19 наурызында БҰҰ штабквартирасында Қазақстанның өкілетті өкілі Ақмарал Арыстанбекова да рамкалық Конвенцияға қол қойды.

    Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал     1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.

    Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелепді өзіне жүктей отырып, I косымшаның Тараны болады.      

    Киото хаттамасын бекіткеннен кейін нақты жобалр мен іс шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөнідегі жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.

    Табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялау мақсатына сай келетін бірқатар шараларды іскеасыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады. Адам  мен табиғаттың қарым қатынасын жақсарту бағытталған тағы бір шара табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сиымды мөлшерде өзіне - өзі шек қою. Халықтың экологиялық санасын қалыптастыру міндетті экологиялыық білім мен тәрбие берудің бірқатар комплекеті мәселелерінен тұрады. Олар - экологиялық ғылыми сананы қалыптастыру, экологиялық этиканы, экологиялық психологияны және экологиялық құқықтық сапаны қалыптастыру қажет. Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек алады. Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!  

     Қазақстан Республикасының Каспий теңізінің құқықтық мәртебесіне қатысты ұстанымы Каспийге БҰҰ ның Теңіз құқығы жөніндегі жылғы конвенциясының теңіздің әртүрлі бөліктерінің режимдері мен еніне қатысты жеке қолдану болып табылады.

     Жағалаудағы мемлекеттердің саяси және экономикалық мүдделерін тиімді қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан БҰҰ-ның  көрсетілген Конвенциясының ережелеріне сәйкес Каспийде аумақтық теңіз, балық аулау аймағын және ортақ су кеңістгін орнатуды ұсынады.

     Сонымен қатар осы аймақтарда тиісті режимдерді анықтау қажет. Аумақтық теңіздің сыртқы шекарасы оның шегінде жағалаудағы мемлекет барлық егеменді құқықтарды толығымен пайдаланатын мемлекеттік шекара болып табылуы қажет. Бұл аумақтық тұтастық пен шекаралардың мызғымастығы аясында қауіпсіздіктің қосымша кепілдеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді.      

     Балық аулау мен биоресурстарды пайдалануды тиісті аймақтарда және ашық теңізде кәсіпті лицензиялау мен аулаудың келісілген квоталары негізінде жүзеге асыру қажет. Балық аулау аймаңын, оның ені мен режимін Каспий маңы мемлекеттерімен келісе отырып жеке  санатқа бөліп шығаруды ұсынады .

   Осы мәселелер бойынша келіссөздер Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны әзірлеу жөніндегі Сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары деңгейіндегі Арнайы жұмыс тобының аясында өткізілуде.

    Каспий теңізінің құқықтық мәртебесінің мәселелері екі және үш жақты консультацияларда да келісуде.

    Сонымен қатар, келіссөздерде Каспийдің экожүйесін сақтап қалу мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, кеме қатынасын дамыту, минералдық және биологиялық ресурстарды игерудегі өзара іс қимыл да сөз болады.

    Салалық халықаралық шарттарды келісу үшін Тараптардың тиіті мемлекеттік органдарының уәкілдері деңгейінде Каспий маңы мемлекеттері сарапшыларының  кездесулері өткізіліп тұрады.  

     2003 жылдың 4 қарашасында Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияға қол қойды.

    1998 жылдың 6 шілдесінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы жер қойнауын пайдаланудағы егеменді құқықтарды жүзеге асыру мақсатында Каспий теңізінің солтүстік бөлігі түбінің жігін ажырату туралы келісім және 2002 жылдың  13 мамырында оған Хаттама жасалды.

   2001 жылдың 29 қарашасында және 2003 жылдың 27 ақпаныда тиісінше Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағғы Каспий теңізі түбін шектеу туралы Қазақстан Республикасы мен Әзірбайжан Республикасының арасында келісім және оған Хаттама жасалды.

    Сонымен қатар , Қазақстан, Ресей және Әзірбайжан арасында 2003 жылғы 14 мамырда Каспий теңізі түбінің шектес учаскелерін межелеп бөлу сызықтарының түйісу нүктесі туралы келісім жасалды.

    Каспий теңізінің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екі Саммиті 2002 жылғы 23-24 сәуірде және 2007 жылғы 16 қазанда және Сыртқы істер министрлерінің үш кеңесі 1996 жылғы 11-12 қарашада, 2004 жылғы 6 сәуірде және 2007 жылғы 20 маусымда болып өтті. Каспий теңізнің жағалауы мемлекеттері Басшыларының Екінші кездесуі барысында Әзірбайжан Республикасының, Иран Республикасының, Қазақстан Республикасының, Ресей Федерациясының және Түркіменстанның бірлескен декларациясы қабылданып, ол Каспий теңізі жағалауы маңы мемлекеттерінің жетекшілерімен қол қойылған құжат. Бұл құжат Каспийдің құқықтық мәртебесінің, теңіздегі қауіпсіздік пен тұрақтылықтың негізгі мәселелері бойынша, сондай ақ Каспий жағалауы мемлекеттерінің халықаралық қатынастардың жекелеген аспектілері жөніндегі ұстанымдарына байланысты мәселелер бойынша қазіргі бар уағдаластықтарын саяси деңгейде бекемдеп берді. Каспий жағалауы мемлекеттері Басшыларының кезекті Саммитін дипломатиялық арналар арқылы келісілген мерзімдерде Әзірбайжан Республикасында өткізу туралы шешім қабылданды.

    БҰҰ ның Бас Ассамблеяның бекітуімен жылдан бері әлемнің көптеген елдері қыркүйек айының соңғы дүйсенбісінде Дүниежүзілік теңіз күнін атап өтеді. Биылғы қыркүйекке сәйкес келген Дүниежүзілік теңіз күніне әлемдік қауымдастық жаңа эколгиялық үнмен келді. Мексика шығанағында мұнай платформаларындағы апат «Бритиш Петролеум » компаниясының ғана емес барлық теңіз қайраңынан мұнай өндіруге ұмтылғандарға күдік пен үрей алып келді.

    Қазіргі кезде Каспий теңізінде өзгерістер байқалуда соның бірі теңіз деңгейінің өзгеруі және экожүйенің бұзылуы, теңіз жануарларының қырылуы. Осының бәрі  теңіз қайраның дұрыс пайдаланбауы. Каспий теңізінде мұнай орындары табылғаннан кейін бұрғылау жұмыстары басталуда. Каспийдің солтүстік қайраңынан бұрғылау жұмыстарын жүргізіп жатқан Қазақстан мен Ресей үшін де аса маңызды болмақ. Солтүстік Каспий дүниежүзінің ондпған мұнай компаниялары бұрғылау жүргізіп жатқан болашағы зор мұнайлы аймақ болып есептеледі. Солтүстік Шығыс Каспийдің Жайық  өзені сағасы 6-8 метрлік су қабатын 7,5 км-лік Мексика шығанағы тереңдігімен салыстыруға келмейді.

    Бетін аулақ қылсын, мұндай нәзік экожүйе үшін зардабы мен шығыны есепсіз болатыны сөзсіз. 1970 жылдардан әлемде мұнай кең орындарын қайраңдардан бұрғылау және өндіру дүрбелеңі басталған еді.

    Солтүстік теңіз қайраңыннан Ұлыбритания, Норвегия, Нидерландылық мұнай өндіру Батыстың дамыған елдерінің СССР дан және араб әлемінен көмірсутек шикізатына деген тәуелділіктен аз да құтылып , экономикасының дамуына жаңа серпіліс әкелді. Ал, СССР жерінде бұл тәжірибе кең тарай қоймаған еді. Каспий қайраңынан жаңа кең орындарын анықтау жұмысы сәтсіздіктерге ұшырады. Құны 40 миллион сомға бағаланған Ақтау қаласына 60 км жердегі Әзірбайжан бұрғышылары жүргіген 1983 жылғы барлау бұрғылау алаңның жарылып, өртеніп суға батуымен аяқталған еді. Нәтижесінде барлық жұмыстар жүрмей қалды.

    2000 жылы Солтүстік шығыс Каспийдегі Қашаған кең орнының қоры 38 млрд баррель бағалагды. Жергілікті экологтар батыс компанияларынан сақтандыру шараларына 50 млрд доллар талап етті. Ал мұнайшылар бұдан 100 есе кем бағаға келісіп қойған. Каспий қайраңынан жапай мұнай өндәру әлі басталған жоқ. Мұнайды өндіру 2005-тен-2008-ге, сосын 2010-ға, 2012-ге, 2015-2017-ге шегерілуде.

     Мексика шығанағында болған апатты мұнай өндіру тарихындағы ең ірісі дейтін болсақ, оның шығыны есептелген күнде Каспий қайраңына ауыз салуға ешкімнің жүрегі дауалай қойиасы анық. Каспийдің солтүстік шығыс бөлігінде бекіре тұқымдастарының бірнеше есе азайғаны байқалған. Теңіз және Қашаған кен орындарын игеруден бастап ақ солтүстік Каспий мұнай өнімдерімен ластана басталды . Ал, солтүстік Каспий кәсіптік маңызы бар балықтар мен құстардың тамаша табиғи ортасы болып табылады.

    Каспийдің тағдыры , оның жағасында орналасқан 5 мемлекетті алаңдатары анық.2003 жылы қол қойып, жүзеге асырған Тегеран конвенциясы деп аталған құжаттың басты мақсаты оның биологиялық байлығын тиімді пайдалану, қалпына келтіру, сақтау болып табылады. Әрине басты қауып мұнай және мұнай өнімдерінің төгілуі . Каспий мұхиттік теңіздің қайраңы Мексика шығанағы емес. Бұл бар болғаны тереңдігі 3-8 метрлік шағынсу айдыны ғана . Сондықтан экологтар жаппай мұнай өңдіру жұмыстары басталғанға дейін Маңғыстау және Атырау облыстарының су астында бұрын қалған 56 жүзбелі қондырғыларын, Әзірбайжанның 60 жылдығы атындағы жүзбелі бұрғылау қондырғысын , орыстардың «Акуша» танкерін тексеру керек.

     Экологтар мен облыстық әкімшілік біріге отырып Каспийді космостан зерттеу технологиясы бойынша Қазақстан аймағы мен жағалау зонасының ның 75%-ның экологиялық жағдайын анықтап, мониторинг жасайды.2008 жылы 100 станцияда 282 алау, 2009 жылы  314 алау анықталып, бақлаушы органдарға тапсырылған соң мұнай компаниялары 650 млн теңге көлемінде айыппұл төледі. Каспийді тек теңізде жұмыс жасап мұнай компанияларын қадағалап отыруы ғана сақтап қалады. Ол үшін:

   -Көлдің солтүстік бөлігін экологиялық зоналар мен аудандарға шекті техникалық жүктемесіне қарай бөлу;

   -Жоғары технологиялық құралдарды пайдаланып , суға мұнайдың төгілуін тоқтату;

   -Барлық сұйық және қатты қалдықтардың тасталмауы;

   -Мұнай таситың кемелердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Маңғыстау аймағында  2 орталық ұйымдастыру;

   -Каспий мәселесімен айналысатын Ақтау қаласында ғылыми зерттеу институтың ашу;

   -Қоршаған орта зардабын анықтайтын бірнеше әдіс түрін.  

    Каспий теңізінің экологиялық қауіпсіздігіне қатысты мәселелерді ҚР төтенше жағдайлар, Ауыл шаруашылығы, Мұнай және газ министірліктері және қазақстандық ғылыми ұйымдар өкілдері талқылады. Сондай ақ, дөнгелек үстелге Иран, Орталық Азия  мемлекетаралық су шаруашылығын үйлестіру комиссиясы жанындағы Су шаруашылығы проблемалары жөніндегі ғылыми ақпараттық орталықтың қазақ филиалы және Ресей Ғылым акдемиясына қарасты Мұнай және газ проблемалары институты мен П Ширшов атындағы океонология институтының Каспий филиалының мамандары да щақырылды.

   Каспий теңізінің биотіршілігіне негізінен теңізден мұнай өндіру операциялары қауіп туғызады. Қазіргі танда Каспийдің солтүстік шығысында бекіре тұқымдастар қоры он есеге дейін азайған. «Тенгиз» және «Қашаған»  кен орындарын игеру жұмыстарының басталуымен Каспийдің солтүстік жағалауының мұнай өнімдерімен ластану кауіпі төніп тұр. Солтүстік Каспий кәсіпшілік балықтар мен құстарды өсіруге арналған тамаша биологиялық аймақ екені белгілі. Мамандардың айтуынша, мұнайдың бірнеше тоннасының төгілуінің өзі Солтүстік Каспий бассейнінің бүкіл фаунасының жойылып кетуіне әкеліп соғуы мүмкін.

    «Жобаны жүзеге асыру кезінде келеңсіз жағдайлардан сақтануды күшейту үшін мұнай операцияларының кең көлемде игерілуін бастамай тұрып, міндетті талаптар кешенін жасақтау қажет. Міндетті шарттардың қатарына мұнай жабдықтарын теңіз суымен салқындату барысында пайдаланылатын теңіз суынан басқа, өндірілген және қатты қалдықтарды сұйық  және қатты қалдықтарды теңізге лақтыруға тыйым салу кіретін болады»,деп атап өтті облыс әкімі.

    Басқосу соңында Каспийдің экологиялық қауіпсіздігінің тұрақсыздануыен бірлесе болдырмау туралы қарар қабылданды. 

   Әйгілі ғалым Мұхтар Диаровқа Каспий теңізі жағдай туралы сұрақ қойдық. Оның айтуынша теңіз хал күйі халықты елендетіп отыр. Себебі теңіз тағдыры халық тағдыры. Ауқымды техногендік ауыртпалықтар, тиісті экологиялық, технологиялық талаптардың жеткілікті сақталмауы, жасыратыны жоқ,теңіз төңірегінде орналасып, мекендеген тұрғындардың денсаулығына едәуір дәрежеде зияның тигізуде. Мұнда қоршаған ортаның тазалығын бүлдіріп жатқан өндірістің теріс салдары аз емес. Каспий теңізі экологиялық апаттардың бастапқы сатысында тұр. Өндірістің шектен тыс шоғырлвнуының теңізге сұғына енуінен итбалықтардың жаппай қырылуы, балықтардың, су құстарының ауруы, ағзалардың ақаулана бастауы байқалады. Теңіз ластанып жатыр . Керемет, жетілген технология боса да теңізге зардабын тигізбей қоймайды. Мұнай мен газды еш зиянсыз өндіру қазірге мүмкін емес. Өндірілген тонна мұнайға килограмм өндістік қалдықтан келеді. Ал қоршаған ортаны қорғаудың облыстық  басқармаларының жоғары тиімділігі бар зертхана жабдықтары жетіспейді, су, әуе көліктері жоқ Осының салдарынан судағы ауыр металдардың сынап, кадмий, хром, қорғасын т.б. мөлшері анықталмайды, бактериологиялық анализдер жасалмайды.Атмосферада көмірқышқыл газының концентрациясы көбейді.Ауа райы бұзылып, климат күрт өзгеріп кетті.Соның бәріне, біздер, адамдар кінәлі. Биологиялық ресурстар жойлып, азайып барады. Экологиялық  апат теңіз жағалауында немесе оған жақын аймақтарда жылмы жыл жақындай түсуде . Мұнай өндірудің табиғатқа тигізетін салдары радиусы километр қашықтыққа дейін білінуде.

     Мұнай мен газ кеңіштереінің зияның азайту амалдары ойлап табылуда. Бірақ, ең алдымен күкіртті бетон өндіретін зауыт құрылысын бастау керек. Күкіртті арнаулы бункерлерде немесе жабық ыдыстарда жер астында сақтау мәселесі реттелу керек. Қазірдің өзінде Каспийдің шығыс, батыс аймақтарының суы күрт қышқылдана түсуде. Мұндай құбылыс Қашаған, Түпқараған, Аташ ресурстарын игеруде сезілуі мүмкін. Бұдан 20 жыл бұрын теңіз кенорнының №37 ұңғысында орын алған апат 368 күн дегенде әзер ауыздатылды . 3 миллион тоннадай мұнай ашық ауада жанып кетті. Ұңғы басында температура 1100 градусқа,төңірегінде 400 градусқа жетті. Ықпал аймағының радиусы 300-400 километрді қамтыды. Ғалымдардың есептеуінше тұрғындардың аурушандығы 50 пайызға өсіп, сол аптта 200 мың құс қырылып қалған.  

     Мамыр айының он екінші күні сағат ондар шамасында Төтенше  жағдайлар қызметіне Баутин кентінде орналасқан әскери бөлімнің қызметкерлері хабарласады. Олар теңіз жағаалауында өлі итбалықтар жатқандығын жеткізеді. Дереу жұмыс топтары құрылады. Төрт бригада Баутин қосы мен Үрдік аралығында жұмыс істейді . шақырым жерден олар дана өлі итбалықтың денелері табылды.

     Табылған өлекселердің арасында бүтіні жоқ . Бірінің басы, екіншісінің құйрығы, үшіншісінің бүйірі қалған. Денелері шіріп кеткен . Соған итбалықтар әлдеқашан қырылған . Мұз еріп, су бетіне көтерілген қыстың  қалдықтары толқынмен жағаға шығуы мүмкін. Соның алдында ғана бірнеше күн батыстан қатты жел тұрған болатын. Яғни бұл итбалықтар сол табылған аумақта өлмеуі де ықтимал. Қажет материалдар зертхана жіберілді. Ал, өлі жануарлар денесі өртелді . Қандай да бір жұқпалы аурулардың алдын алу үшін.   

             

1920 жыл

1000 мың

1960 жыл

520-560 мың

1980 жыл

450 мың

1986 жыл

400 мың

1989 жыл

360 мың

2000-2005 жыл

400-420 мың

Просмотров: 1461 | Добавил: Хан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: