Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Қазақша рефераттар және презентациялар

Сенбі, 18.05.2024
Главная » 2014 » Қаңтар » 11
Андроновтардан кейін өмірге келген Қазақстанның сақ тайпалары еді. Сақтардың тікелей негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Сол уақытта мал шаруашылығының негізгі көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы түрлерінің болғандығын көрсетеді. Көшпелі мал шаруашылығы Батыс және Орталық Қазақстанның құрғақ, шөлді-шөлейтті далаларында жүргізілген, егін шаруашылығы дамымаған, ал ірі-қара мал аз болған. Негізінен қой, түйе және жылқы өсірген. Жылдың суық мезгілінде көшпенділер қар мен желден қорғайтын қыста мерзімдік қамыстарда өткізді. Жартылай көшпелі мал шаруашылығы Жетісу, Шығыс Қазақстан өсімдіктің аралас түрі басым болып келетін далаларында жүргізілген. Шаруашылықтың ерекшелігі көшпенділердің жылда қонысына оралатын тұрақты қыстауларының болуымен сипатталады. Маусымды жайылымдары бір-бірінен онша қашық болмаған, сондықтан ... Читать дальше »
Просмотров: 1626 | Добавил: Хан | Дата: 11.01.2014 | Комментарии (0)

Қазақстан аумағында Қаңлы мемлекеті өмір сүрді. Қаңлы мемлекеті де қытай деректері арқылы әлемге мәлім болған. Қытайдың "Тарихи жазбалар. Ферғана тарауында": «Қаңлы (Кангю ) Ферғананын батыс солтүстігінде шамамен 2000 ли - шақырымдай жерде тұрады. Көшпенді мемлекет. Даружылармен ғұрып-әдеттері ұқсас. 70-80 мың жері бар. Ферғанамен іргелес отырған ел» /6/ -деп жазылған. Осы еңбектің даружылар тарауында: "Даружылардың солтүстігіңде қаңлы тұрады. Көшпенді мемлекет. Мал соңынан ілесіп көшіп жүреді. Ғұндармен әдет-ғұрыптары ұқсас» /7/ -деп жазылған. Бұдан Қаңлылардың арғы тегінің даружылармен байланысты екендігін аңғарамыз. Ал даружылардың б.з.д. 160 жылдары Жетісу жерінен үйсіндер тарапынан ығысып, батыс оңтүстікке ауғандығы жоғарыда айтылды. Сол батыс оңтүстікке ауған даружы¬лар құрамынаи қаңлы тайпасы бөлініл шығып, Т ... Читать дальше »
Просмотров: 2109 | Добавил: Хан | Дата: 11.01.2014 | Комментарии (0)

Бүгінгі Қазақстанның қожасы болып отырған қазақ ұлты және оның Қазақстан Республикасы кездейсоқ бола қалған ұлт, қолдан жасалған мемлекет емес. Ол – ежелден осынау кең-байтақ Еуразия сақарасында өмір сүріп келген ертедегі ру-тайпапардың сан ғасырлар бойы өзара араласу, біртұтастану, ыдырау қайта біртұтастану барысында бір-бірімен етене жақын этникалық топтардың ортақ ұлттық мәдениет қалыптастыру үрдерістерін бастан кешіріп барып қалыптасқан толыққанды дербес ұлт. Сол сияқты Қазақ мемлекеті – Қазақ хандығы да Қазақстан аумағында ерте, орта ғасырларда құрылған тайпалық одақтар, аймақтық мемлекеттер, тіпті, алып империялардың дәурендеуі мен құлдырауы сынды әлемдік тарихтағы ерте, орта ғасырларда өмір сүрген мемлекеттерде болған жалпыға бірдей әлеуметтік заңдылықтарды бастан өткеріп барып Ұлттық мемлекет – Қазақ хандығы ... Читать дальше »
Просмотров: 887 | Добавил: Хан | Дата: 11.01.2014 | Комментарии (0)