Приветствую Вас, Гость! Регистрация RSS

Қазақша рефераттар және презентациялар

Сенбі, 18.05.2024
Главная » 2014 » Қаңтар » 24 » Жарық сүйгіш өсімдіктер
14:03
Жарық сүйгіш өсімдіктер
Жарық сүйгіш өсімдіктер 
   Оларға шөл дала мен таулы жерлерде өсетін өсімдіктердің барлығы — кактустар, сондай-ақ жапырағында немесе сабақтарына ылғал сақтайтын басқа да өсімдіктер (суккуленттер)— сүттіген, сенецио, стапелия, литопса, фаукария, толстянка, каланхоэ, очитка, атала, сансевиерия, зониум т. б..; әсем гүл жаратын өсімдіктердің көпшілігі (амариллис, жасмин, кливия, панкрациум, пеларгония); қараңғыда және көлеңкеде өңін жоғалтатын көптеген теңбіл жапырақты өсімдіктер (мысалы, колеус, кротон, сеткреазия, кордилина, стробилантес) жатады. 

Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктер 
Жарықтық шашырап түсуін қажет ететін өсімдіктерге — парагус , бегония, глоксиния, сенполия, фуксия, эухарис, пенеромия, Американың тропиктік орманында өсетін жатаған шөптер — маранттар, хкалатея, строманте, ктенанте және фиттония, бром ел ия тұқымдас өсімдіктердің көпшілігі — эпифиттер (топырақта өспейтін өсімдіктер; басқа өсімдіктердің бұтақтарының, діндерінде өсетін — эхмея, фризия, бильбергия, арегелия, криптантус) және Бразилияның батпақты ормандарында өсетін өсімдіктер — питкарния, пуйя жатады. 

Көлеңкеге төзімді өсімдіктер 
Көлеңкеге төзімді өсімдіктер — қырық құлақтар, тікенекті өсімдіктер, монстер, филодендрон, сингониум, сциндапсус, спатифиллюм, руэллия, аспидистра, шырмауық , традесканция, зебрина, саркококка, фикус т. б. көптеген қылқан жапырақты өсімдіктер. Өсімдіктерді өсіруде үй температурасының маңызы ерекше. 

Жылылықты сүйетін өсімдіктер 
Жылылықты сүйетін өсімдіктерге тропиктік өсімдіктер жатады, мысалы, бегония, пеперомия, ароид тұқымдас өсімдіктер (антуриумдер, аглаонемдер, диффенбахия, сингониум), кордилиндер, драцендер, бромелия мен геснерия тұқымдастар. Олардың барлығы қыста 20°С температурада жақсы өседі. Субтропиктік өсімдіктердің көпшілігі кактустар, суккуленттер, хлорофитум, бересклет, фатсия, шырмауық, лавр, тікенекті мюленбекия үшін қыста температура 6°С-тан 12°С аралығында болуы керек. Егер температура режимі бұзылса өсімдіктер сарғайып , жапырағы түсіп қалады. 

Өсімдіктерді орналастыру 
Қазіргі кезде өсімдіктерді қабырғаға іліп қоятын гүл өсіргіштерде, журнал немесе жұмыс столына бекітілетін ағаш не пластмасса жәшіктерде өсіру кең тараған. Өсімдіктерді шоғырлан өсіру аз орын алады, оларды баптап, күту қолайлы. Сондықтан шоғырлан отырғызылатын өсімдіктерді шамасы мен өсу түріне қарай таңдап алған жөн. Көшеттің түбін бүркеу үшін жайылып өсетін ампель өсімдіктерін (хельксина, пилей, пеперомия, фикус, шырмауық) пайдалануға болады. Мұндай композицияға өсімдіктердің табиғи өсетін жерлерін бейнелейтін әр түрлі материалдарды — тастар мен ағаштарды пайдаланған жөн. Сонымен бірге шоғырланып отырғызылатын өсімдіктердің түр-түсінің сәйкес келуін де ескеру керек. Гүлдердің түстері әр түрлі болуы тиіс. Өсімдіктердің мұндай шоғырына әсем жапырақты өсімдіктерді қосса тіпті жақсы. Мысалы, папоротникпен қоса асплениумды, сциндапсусты, пеперомияны, немесе цереус, сүттіген, эхинопсис, оскулярия мен глотифиллюмды бірге өсіруге болады. Ал ірі өсімдіктерді (пальма, монстерлер, фикус, драцендер) тұғырға орнатылған жеке ағаш кеспектерге немесе арнаулы ыдыстарға отырғызу қажет. Ампель өсімдіктері сор ел ерле және қабырғаға ілінетін гүл өсіргіштерде сәнді көрінеді. Жылыжайда өсірілген өсімдіктер алғашында( түрлі кеселге шалдығуы мүмкін (қурайды, жапырағы түседі), бірақ жақсылап күтіп-баптаса қайта түзеліп, өсе бастайды. Көшет отырғызу үшін жас өсімдіктерді сатып алған дұрыс, сондай-ақ өсімдіктерді өз ұрығынан немесе сабағынан өсірсе тіпті жақсы, себебі олар тез өсіп-өніп жаңа жағдайға оңай көндігеді. 

Үй өсімдіктерінің топырағы 
Әр түрлі өсімдіктер тобы әр түрлі топырақты қажет етеді. Бөлмеде гүл өсіргенде қорда, қарашірік, шымтезек, шым және құм араласқан топырақ пайдаланылады. Қорда топырағын өсімдіктердің қалдығынан: шөптен, қурай түскен жапырақтардан т. б. дайындайды. Оларды бір жерге үйіп не шұңқырға салып, үстіне жуынды, сабынды су, көң бөкпесін құнды. Тез шіруі үшін қордалы күрекпен әлсін-әлсін (3—5 рет) араластырып отырады. 2—3 жылдан кейін қорданы пайдалануға болады. Әдетте оны құнарсыз топырақтық құнарлылығын арттыру үшін қосады. 

Жапырақ араласқан топырақ 
Жапырақ араласқан топырақты ағаштың (еменнен басқасы) қурай түсіп, шіріген жапырағынан дайындайды. Ол үшін жапырақты көктемде бір жерге жинап үйеді де, жазда 2—3 рет күрекпен қопарыстырады. 2—3 жылдан кейін топырақ пайдалануға жарайды. 

Шымтезек топырағы 
Шымтезек топырағын ми батпақты саз-қорысты жерлердің шіріген шым тезегінен дайындайды. Топырақтың өсімдіктерге зиян келтіретін қышқылын кетіру мақсатымен оны бір жерге үйіп, 1—2 жыл ашық жерде ұстайды. 

Жылыжай қарашірік топырағы 
Жылыжай қарашірік топырағын жылы қорада жатып, жақсы шіріген (әдетте 2 жыл) көңнен алады. Саздық топырақты шабындықтың сазды жерлерінен алады. Мұндай топырақтарды қыс түсерде бір жерге жиып үйеді де, көктемде бірнеше рет қотарыстырып, араластырады. 
Шым топырақты былай дайындайды: жазда немесе ерте күзде ойылған шымды (ені 10—15 см және ұзындығы 30—35 см) арасына сиыр көңін салып, топырағын бетіне қаратып, биіктігін 1 м етіп жияды. Шірігеннен кейін (бір жылдан соң) топырақты пайдалануға болады. Жеңіл шым топырақтың (онда өсімдіктердің қарашірігі мол болады) ауыр немесе шым топыраққ а (онда саз топырақ мол болады) қарағанда өзгешелігі болады. Өсімдіктердің түріне, жасына және өсу фазасына қарай бұл. топырақтарды әр түрлі мөлшерде қосып араластырады. 

Өсімдіктерді суару 
Әдетте үй өсімдіктерін өсірушілер өсімдікке суды көп құнды, соның салдарынан өсімдіктің тамыры шіриді. Өсімдікке құятын судың температурасы бөлме температурасына шамалас немесе одан 5—70 жоғары болуы керек. Ол үшін өзен, жаңбыр, қар, тоған немесе құбыр суын пайдалануға болады. Құбыр суын хлорынан тазарту үшін алдын-ала ыдысқа құйыл, тұндырып қояды. Өсімдікке су құйғанда топырақтың түйіршіктері жібіп, су ыдыстың түбінен ағуы тиіс. Тығыз топыраққа отырғызылған өсімдіктің аңқай суын сол бойда, ал жеңіл топырақтық артық суын 30 минуттай немесе 1 сағаттап кейін төгіп тастайды. Кейбір ылғал сүйетін өсімдіктердің (циперус) табандығында үнемі су жатқаны жөн. Егер топырақ өте қурап, кеуіп кетсе, онда өсімдіктің топырағы жібіп, судың бетіне шыққан көбік басылғанша ыдысымен суға салып қояды. Өсімдікке су құйғанда су құйғыштың шүмегі гүл тостағанының ернеуіне тиіп, тұруы қажет. Пиязға, бүлдіргенге су құйғанда оларға су тимеуін қадағалау керек. Өсімдіктерді әсіресе күн ыстықта бүркіп те суару қажет. Өсімдік жапырақтарын таза ұстау үшін жылы суға малын алынған мақтамен не губкамен екі жағын бірдей сүртіп отырады; ал науа жапырақтарды — жұмсақ кистімен сүртеді. Түкті жапырақтарды сумен жууға болмайды (бегония, глоксиния), мұндай жапырақтардың шаңын щеткамен немесе кистімен тазартады. Өсімдіктерді аптасына бір рет жуып отырады, өйткені жапырақты, көздерін шаң басып, ауруға тез шалдығады, сонымен бірге зиянкестер зақымдан, өсіп-өнуіне кедергі жасайды. 

Ыдыс 
Үй өсімдіктері үшін ең қолайлы ыдыс кәдімгі жайпақ тәрелке мен қыш тостақ болып табылады. Олардың қабырғалары кеуекті болғандықтан өсімдіктің тамырына оттегі оңай жетеді. Металл не сырланған ыдыстарды пайдалануға болмайды. Кактустар мен басқа суккуленттерді өсіру үшін ол астм ассадан жасалған ыдыстарды немесе қораптарды пайдалануға болады. Өсімдіктің ауруға шалдыруын болдырмау үшін алдымен ыдысты ыстық сумен мұқият жуады, содан кейін дезинфекциялайды. 

Өсімдіктерді көшеттеу және топырағын алмастырып отырғызу 
Өсімдіктер қоректік тұздары бар суды тамыры арқылы бойына сіңіріп, біртіндеп топырақты құнарсыздандырады, сондықтан оларды әлсін-әлсін алмастырып, жаңа топыраққа отырғызу керек. Өсімдік дұрыс өсіп-өнбей, жанырағы солғанда немесе тамырлары топырақтың барлық кесек түйірлерін шырмалалғанда ғана көшеттеп отырғызады. Отырғызар алдында (суккуленттерден басқасын) кесек топырақ жібігенше, су құю керек. Өсімдікті қыш құмыр адай топырағымен қоса қопарыл алып, сіліккеннен кейін, оны көшеттеп отырғызуға болатынын айыруға болады. Егер өсімдікті көшеттеу қажет болмаса, оны кең ыдысқа жаңа топырақ салып қайта отырғызады. Топырағын алмастырыл отырғызуды өсімдік гүл ашқан кезде қолға алу керек, өйткені бұл кезде өсімдіктің өніп, жетілуіне зиян келмейді. Өсімдікті көшеттеп отырғызған қыш тостақтың немесе кеспектің көлемі бұрынғысының көлемінен онша үлкен болмауы тиіс. Көшеттеп отырғызу жұмысын, әдетте, көктемде (март-апрель) жүргізеді. Ауруға шалдыққан және гүлдеген өсімдіктерді көшеттеудің қажеті жоқ. Кішкене қыш тост ақтық түбіне дөңес жағын жоғары қаратыл шынының сынығын, ал үлкендеріне шыны сынығы немесе ұсақ тас салады. Оның үстіне тур алған шымтезек мүгін жайып тастайды, ол қыш құмыраның түбіндегі тесіктердің топырақпен бітеліп қалуын болдырмайды. Өсімдікті көшеттеп отырғызғанда оның тамыр мойны қалың топырақ астында қалмауын қадағалау керек. Өсімдіктерді шоғырлан, су ағар тесігі жоқ үлкен ыдыс қа көшеттеп отырғызғанда топырақты қопсытудың маңызы зор; мұндай жағдайда өсімдікті өте ептілікпен суару керек. Өсімдіктерді көшеттеп немесе топырағын алмастырып отырғызғаннан кейін, сабағының айналасындағы топырақты таяқшамен немесе саусақпен нығыздап, су құятын орын қалдырады. Одан кейін өсімдікке су құнды да, жел өтінен аулақ, күн сәулесі тура түспейтін жерге (үйде) қояды. 

Өсімдікті тыңайту 
Өсімдіктердің қоректік заттар жөніндегі қажетін қанағаттандыру үшін минералдық және органикалық тыңайтқыштарды жүйелі түрде енгізіg, олардың топырақтағы қорын толықтырып отыру керек. Тыңайтқышты (ерітілген) бірнеше рет (1—2 аптадан кейін) өсімдіктің өсу және гүлдену кезеңінде енгізу керек. Жаңа ғана көшеттелген немесе ауруға шалдыққан өсімдіктерге тыңайтқыш берудің қажеті жоқ. Тыңайтқыш ерітіндісін қолдалудан 2 сағат бұрын топырақтың түйіршіктері толық жібуі үшін таза су құю керек. Минералды тыңайтқыштар ретінде калий тұзы және суперфосфат қолданылады. Өну кезінде өсімдікке аммиак селитрасы қоспасын (21 /2 ас қасық), суперфосфат (1 ас қасық), калий селитрасын 1/2 ас қасық) 10—12 л суға ерітіп құю керек. Ал өсімдік гүл жарар алдында және гүлдену кезінде аммиак селитрасы қоспасын ( /2 ас қасық), суперфосфат (2 ас. қасық) және калий селитрасын 10 л суға ерітіп құяды. Дайындалған тыңайтқыш ерітіндісін де (оның ережесі ұсынылады) қолданған жөн. Органикалық тыңайтқыштарды қолдану өсімдіктердің өніп, өсуіне жақсы ықпал жасағанымен, бірақ оларды үй жағдайында дайындау өте қиын. Шикі етті жуған су жақсы қосымша тыңайтқыш болып табылады. 

Өсімдіктерді көбейту 
Үй өсімдіктерін олардың өзінің тұқымынан немесе бөлшектерінен, яғни кесіндісінен (сабағының, жапырағының немесе тамырының) өсіреді, ол үшін оларды сабақ, түйнек, бадана, тамыр өркендеріне бөледі. 

Өсімдіктерді өз кесінділерінен көбейту 
Өсімдіктерді өз кесінділерінен көбейту (вегетациялық жолмен) үй жағдайында тұқымын егіп көбейтуге қарағанда жиі қолданылады, өйткені аз уақыт ішінде тез өсіп жетіледі. Кесінділерді жас, ауруға шалдықпаған, жақсы өсіп жетілген өсімдіктерден қиғаштан жапырақтың сабаққа біткен жерінен кесіп алады, жас өркеннің жапырағы 1—3-тен аспауы керек. Кесіндіден 1—2 жапырақты қияды немесе жапырақтың жартысын (булануды азайту үшін) кесіп тастанды. Содан кейін шым тезекке немесе оның қосындысы мен құмға онша тереңдетпей отырғызып, маңайындағы топырақты нығыздайды. Кесінділер тамырлануы үшін ылғалды ауа қажет. Сондықтан кесінділер отырғызылған жәшіктерді немесе қыш ыдыстарды әйнекпен не пленкамен жауып, су құйып жарық жерге қояды. Есте болатын бір жағдай, кесінді тамырланғанша оны күн сәулесінің тіке түсуінен сақтау керек. Әйнекті күніне бірнеше рет тазалан сүртіп, кесіндіге күніне 2—3 рет су бүркеді. Ол өсе бастаған кезде әйнекті аздап көтеріп қояды да, кейін мүлдем алып тастайды. Өсімдіктердің түріне қарай, олардың тамырлануы 3 күннен 2 айға дейін созылады. Кейбір өсімдіктердің кесінділері (мысалы, Узамбар қоғажайы, сциндапсус, шырмауық) суда жақсы тамырланады. 
Кей өсімдіктерді (мысалы, бегонияның әр түрі) жапырақтарының кесінділерінен өсіріп көбейтуге болады. Ол үшін жапырақты ылғал құмға отырғызады да, ағаш таяқшаларға байлап, әйнекпен жабады. Тез тамырлану үшін жапырақ өзегінің жуаңдау жерінің астыңғы жағынан тілік жасайды. Тамырлану үшін ең қолайлы температура 25°С жылылық. 

Тамырынан бөліп көбейту 
Тамырынан бөліп қырыққұлақ секілді көп жылдық шөптесін өсімдіктерді (аспидистру, циперус) көбейтеді. Көктемде өсімдіктерді қыш тостақтан алып, тамырын өткір пышақпен бірнеше кесіндіге бөледі. Ал түйнек тәрізді, жуан тамырларды әрқайсысында енетін көздері болатындай етіп бөлу керек. Тамыр өркенін беретін өсімдіктерді көшеттегенде оларды бөліп алып, жеке қыш ыдыстарға отырғызады. Өсімдіктердің барлығыда тұқым арқылы өсіп, енеді. Өсуі жай тұқымдарды (пальма, лавр) қаңтар-ақпанда, ал қалғандарын наурыз-сәуірде себеді. Тұқымды бұдан кеш себуге болмайды, өйткені жас өркен күзге дейін тамыр жайып, бекімейді. Өсімдік отырғызуға арналған ыдыстың топырағы жақсы дайындалуы тиіс. Су ағатын тесіктерін бітелмейтіндей етіп жауып, түбіне майда тас салу керек. Оның үстіне еленген шымтезек пен құмның, топырақ қосындысын салады. Егу алдында топырақты жақсылан ылғалдайды. Ірі тұқымдарды атыздың жоғары жағына сеуіп, бетін жұқалап топырақпен жабады. Ал майда тұқымдарды топырақтың бетіне шашып, бүріккішпен су себеді. Өсімдік отырғызылған ыдыстың бетін әйнекпен жауып, жылы жерге қояды. Анда-санда әйнекті алып, желдету отырады. Өркендегеннен кейін жарық жерге шығарып, әйнекті мүлде алып тастайды. Кей өсімдіктердің көктеуі өте ұзақ—2 аптадан 8 айға дейін созылады, сондықтан олар бір мезгілде өніп шықпайды. Өсіп шыққаннан кейін көшетін құм аралас топырақ салған шағын қыш ыдыстарға, жайпақ тәрелкеге немесе жәшіктерге бөліп-бөліп отырғызады. Көшеттерді сиреткенде сиреткіш істікшелерді пайдаланған жөн. Отырғызғанда топыраққа тұқым жарнағына дейін көміп, айналасын нығыздайды. Одан кейін су бүркіп бетін әйнекпен жабады. Ірі өскен көшеттерді қыш тостақтарға бір-екіден жеке отырғызу керек. Жан-жағындағы тамырлары қаулап өсуі үшін өсімдіктердің негізгі тамырын шырпып тастау керек. Топырақсыз өсетін гидропоника деп аталатын үй өсімдігін өсіру тиімді. Өсімдікті өсірудің бұл тәсілінде топырақтың орнына арнаулы қоректік ерітіндімен ылғалдандырылып, стерильдендірілген Субстрат (құм, шағыл, керамзит) пайдаланылады. 
Бөлме гүлдерінің ұзақ уақыт «ауырмай», жайқалып тұруының сыры неде деп ойлайсыз? Махаббатта. Гүлдермен де тірі жанмен сөйлескендей сөйлесіп, өз ілтипатыңды білдіріп, баптап, күтіп, махаббатпен қарап, еркелетіп тұру қажет, олар да өздерінше қуана да, мұңая да алады екен. Және жақсылап баптауға тырысыңыз. 

Бөлме гүлдерін күтудегі бірнеше кеңестерге назар аударыңыз. 
Жарық. Гүлдер тікелей жарық түскенді «жақтыра бермейді». 
Жел өті. Гүлдер жел өтінде (сквозняк) тұрып қалмауы керек. Жылы дымқыл топырақ пен суық жел гүл тамырын тез шірітіп жібереді. 
Жайлы орын. Гүл егілген құмыраны теледидардың, музыкалық орталықтың және сол сияқтылардың жанына қоймауға тырысыңыз, вибрацияның да гүлге кері әсері бар. 
Жылу әсері. Егер пәтеріңізде жылу еден астымен жүргізілген болса, арнайы гүл құмыраларын қоюға арналған демеуіштерді (подставка) қолданыңыз. Гүлдерді жылу жүргізілген батарейкадан да алысырақ ұстағаныңыз жөн. 
Белгі. Құмыраңыздың күнге қараған бетіне белгі қойып қойыңыз. Өйткені, гүлді көп айналдыру оның жайқалуына кері әсерін тигізеді. 
Тыңайтқыш. Тыңайтқыштарды уақтылы сеуіп отырыңыз және гүліңізге арнайы сай келетін тыңайтқышты пайдаланыңыз. Ол үшін гүл өсіруші мамандардың көмегіне сүйеніңіз не тыңайтқыш салынған қорап сыртындағы нұсқаулықпен танысыңыз. 
Салмақ. Жапырағы үлкен бөлме гүлдерін төменге, еден үстіне қоюға тырысыңыз. Салмағын көтере алмай, морт кетуі мүмкін. 
Суару. Гүлді таңертең суарып отырыңыз, бұл – қолайлы уақыт. Әрине сатушының кеңесіне де құлақ асқаныңыз жөн. 
Ауру. Гүлдердің жапырағы бірден қурап, сынғыш келсе, ауруға шалдыққаны. Ол жағдайда мамандардың көмегіне сүйеніңіз. 
Гүл отырғыза білесіз бе? 

Қазір әдеміліктің нышанына айналған гүлдерді отырғызатын маусым. Жаз мезгілінде жайнаған гүлдерге қарасаң, көзің тоймайды. Гүл құпиясы туралы әңгіме өрбіткен едік. Бүгінгі әңгімемізде гүлдерді қалай егу керектігі туралы айтамыз. 
Кез келген өсімдікті, әсіресе гүлді отырғызбас бұрын, топырақты дайындап алу керек. Сіздің аулаңыздың жері құнарлы болмаса, күз мезгілінде белгілеген аймағыңызға қорда сеуіп қойғаныңыз дұрыс. Олардың бойында ылғалдықпен қоса, нәрлендіретін заттар болғандықтан, бірте-бірте топыраққа еніп, құнарландырады. 
Сосын шұңқыр қазып алу керек. Одан кейін, шұңқырға аздаған жылы су құйып, өсімдікті отырғызыңыз, шұңқырға топырақ түсіріп, айналасын нығыздап жабыңыз. Шұңқырдың ішіне топырақты құрғату үшін аздаған ірі құм тастарды тастасаңыз болады. Оған қоса, көң салсаңыз, гүліңіз тез және сәнді болып өседі. 
Гүлдердің түрлері де маңызды рөл атқаратынын есіңізге саламыз. Сондықтан, гүл отырғызбас бұрын, олардың түрлерін, өзіндік ерекшеліктерін біліп алғаныңыз жөн. 
Пиязтектес өсімдіктерді бір-біріне жақындатып егуге болмайды. Олардың арақашықтығы кем дегенде бір түйнек сиятындай, ал шұңқырдың тереңдігі үш бірдей түйнектің диаметріндей болуы керек. Мамандар отырғызу рәсімін кешкі сағат төрттерде жасаған дұрыс дейді. ¬Өйткені осы уақытта күннің беті қайтатындықтан, өсімдіктердің жаңа ортаға бейімделуі оңайырақ болады. 
Гүлдерді қалай-солай отырғызуға болмайды. Алдын ала жоспарлап барып еккеніңіз жөн. Гүліңіз ұзақ уақыт жайқалып тұрсын десеңіз, әр уақытта бүр ататын гүлдерді таңдаңыз. Пиязтектес өсімдіктер тез жайқалып, кең таралып өсе шығады. 

Тамырдың айналасынан немесе өсімдіктің түйнегінің жанынан шамалы ор қазып, шашты бірге көміп қойсаңыз, зиянкестермен күресу оңайға түспек. Сондай-ақ, шаштар гүлдерді қосымша минералдармен қоректендіреді екен. 
Көп қабатты үйде тұратын болсаңыз, балконыңыз кішігірім бақшаңыздың орнын басады. Ол үшін арнайы қыш немесе пластмас құмыраларды дайындап алып, жоғарыдағы әдістерді пайдалануға болады. 
Жаз мезгілі – демалысқа шығатын маусым. Сіз демалысқа өзге қалаға кететін болсаңыз, гүлдерге қарайтын адам керек. Ал жаздың аптапты ыстық күндерінде гүлдеріңіз жиі суаруды қажет етеді. Сондықтан гүлдерді отырғызбас бұрын, алдын ала жақсылап ойланып алуыңызға кеңес береміз. 

Қызғалдақ[1] – лалагүлдер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін пиязшықты өсімдік. Қазақстанның далалық аймақтарында жиі кездеседі, 32 түрі бар, оның 11 түрі – Қазақстанның эндемигі болып саналады. Бұлардың биіктігі 3 – 50 см. Сабағы жұмыр, тік өседі. Тамырымен жалғасқан буынында пиязшығы болады.[2] Гүл қоршауы ақ, қызыл не сары. Жемісі – қауашақ. Қызғалдақтың пиязшығын күзде гүлі түскеннен кейін жинап алып, оны құрғақ, салқын жерде сақтап, көктемде егеді. Қызғалдақ әсемдік және гүлінен хош иісті зат алу үшін өсіріледі. Қызғалдақтың өте сирек кездесетін 13 түрі (Альберт қызғалдағы, Борщов қызғалдағы, Грейг қызғалдағы, Кауфман қызғалдағы, Шренк қызғалдағы, т.б.) қорғауға алынып, Қазақстанның "Қызыл кітабына” енгізілген.[3] 
Мазмұны 
• 1 Өсімдік туралы 
• 2 Атауы 
• 3 Шығу тегі мен таралуы 
• 4 Отырғызуы 
• 5 Көбейтілуі 
• 6 Қызғалдақ туралы тақпақ 
• 7 Пайдаланған әдебиттер 
Өсімдік туралы 
Қызғалдақ – пиязшықтардың ішіндегі табиғатта да кең таралған, көгалдандыруда да жиі пайдаланылатын өсімдік. Ерекше әсем көркімен дараланатын гүл болғандықтан, оны білмейтін адам кемде-кем. Қазақстан табиғатында қызғалдақтың 35 түрі бар. Осы себепті де Қазақстан – қызғалдақтың отаны болып саналады. Сұрпы мен түріне қарай қызғалдақтың гүлдеу мерзімдері де әртүрлі. Наурыз-мамыр айларында гүл ашады. Оның биіктігі 10 см-ден аспайтын аласа бойлы түрлері ерте көктемде гүлдейтін болса, "Рембрант қызғалдағы” сияқты биік өсетін түрі маусым айының ортасына таман гүлдейді. Барлық түрі 20-25 күн аралығында әдемі гүл жарып тұрады. Қызғалдақ гүлінің түсі ақтан қараға дейінгі аралықта алуан түрлі болып келеді. Көп жағдайда сабақ басына бір тал ғана гүл жарады. Гүлзарларға бірыңғай түсті қызғалдақтарды топтап отырғызған жақсы көрінеді. Ал, жеке ыдыстарға бойы аласа түрлерін отырғызған дұрыс. Бойы аласа қызғалдақтар альпі шоқысының да көркін асыра түседі. 
Атауы 
Қызғалдақ атауы туралы көптеген болжам бар. Ең көп тарағаны-"тюльпан"-парсы сөзі "толибан" немесе "долбент", яғни қызғалдақ қауызының осы шығыс баскиіміне ұқсастығымен түсіндіріледі. 
Шығу тегі мен таралуы 
Қызғалдақтың пайда болу орталығы Орта Азия болып есептеледі. Оның көп бөлігі шөл, айнала тау жүйесі қоршап жатыр:ортасында - Копетдаг, Ауғанстан шекарасына дейін Памир-Алай таулары, оңтүстік шығысында -Тянь-Шань. Үндістанның солтүстігінде, Ауғанстанда, Кавказ тауларында, Сирия мен Ливан шекарасында, Қара , Каспий және Жерорта теңізі маңында жабайы қызғалдақ түрлері өсетін оқшау ошақтары белгілі. Қызғалдақтардың экологиялық ауқымы өте кең. Бір түрі сусыз құмды және тасты шөлдерде, гипсті және сазды топырақта өссе, басқалары аңғарларда немесе тау етегінде, шөгінді тастарда, аяқ жетпейтін құлама жарда, қиыршық толған жартас қуыстарында, тау баурайымен теңіз деңгейінен 3000 м биіктікке дейін көтеріледі. Қызғалдақ өсімдігі ылғалды сүймейді. 
Отырғызуы 
Қызғалдақ баданалардың отырғызу мерзімі жердің ерекшеліктеріне және олардың өсуіне байланысты тұрақталанады. Баданалардың тез өсуіне жер температурасының төмендеу (5-7°) қажеттілігі бар болғаны анық. Қыр жерлерде осындай жағдайлар қазанның ортасында пайда болады. Былай қарасақ, бүкіл қазан айы бойы қызғалдақтарды отырғызу үшін өте қолайлы уақыт. Қызғалдақтардың тамырлары жердің температурасы 6—10° болғанда жақсы дамиды. Егер температура жоғары деңгейге көтерілсе ол оған көп зиян келтіреді. Ал егер жер температурасы 3° болса онда баданалар тамырларын шығармайды. Сөйтіп, өсімдікті қарашаның аяғында отырғызуға мүлдем болмайды. Себебі гүлдер ауыруға өте жуық, сонымен қоса көктемде кеш гүлденеді. Әдетте, күндердің аяздауына дейін бадалардың тамыр жүйелері жақсы дамып, өсімдіктер қысты сәтті өтеді. Баданаларды қыркүек айының соңғы күндерінде де түсуге болады. Ең жарамды мерзімі бұл қазан жұлдызының бірінші және он бесіншінің арлығындағы күндері. Осыдан ертеректеу уақытта отырғызу ұсыналмайды.Сонымен қоса баданалар суық күндерге дейін тамырларын біраз жығару керек, сондықтан өсімдіктерді аяздардан үш әлде төрт жұма бұрын отырғызу қажетті. Тамыр жүйесін дамыту үшін қызғалдақтарға отыздан қырық күндерге дейін мерзім керек. Егер тамырлар жақсы деңгейде дамыса онда қыста оны жаму қажеті қалыптаспайды. Отырғызудың алдында әр бадананы қарап шығу керек және олардың арасынан ауру және бұзылғанндарды алыптастауға қажетті. Отырғызудың тереңдігі,баданамен жер арасы, бадананың үдкендігіне орай анықталады. Егер өсімдіктер кішіріктеу болса онда оларды аса терең отырғызбайды. Сонымен, үлкендерді он екі- он төрт см терең, ал кішкентайларын алты-сегіз см терең отырғызады. Бірақ, он бес см-ден терең отырғызбайды. Баданалардың арасындағы ұзындығы олардың мөлшеріне тікелей байланысты. Әдетте питомниктердің ішінде өсімдіктердің арасында сегіз-он см қалдырады.Кішкентай учаскелерінде баданаларды қолмен отырғызғанда он-жиырма см қалдырып шығады. 
Қызғалдақтардың тамырлары отырғызғаннан кейін он-он бес күнде шығады. Оның жылдамдылығы жағдайлардан тәуелді. Ол жер сулылығына және температурысына байланысты. 
Көбейтілуі 
Пиязшықтан бөліп алынған балапандарын отырғызу арқылы көбейтіледі. Суық түскенше тамырланып үлгеруі үшін, күздің алғашқы айларында егу керек. Отырғызу тереңдігі пиязшық көлемінен екі-үш есе терең болуы тиіс (пиязшықтың ұзындығы 4 см болса 8-12 см тереңдікте егу керек). Пиязшықтардың арақашықтығы биіктігіне қарай 10-20 см-ден кем болмағаны жөн. 

Просмотров: 7090 | Добавил: Хан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: